The first HP laptop to run was Windows 7
HP Recovery Disc Creator арқылы қалпына келтіруге арналған екі түрлі DVD дискісі келесі
жолмен жасалады:
●
Windows амалдық жүйесі бар DVD дискісінен қосымша драйверлер немесе
бағдарламаларды орнатпай амалдық жүйе орнатылады. Бұл опция таңдалған жағдайда,
бастапқы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына
келтіруге мүмкіндік беретін DVD дискі жасалады.
●
Драйверлері бар DVD дискісінен HP Software Setup бағдарламасының драйверлер мен
бағдарламаларды орнататын бірдей жолымен арнайы
драйверлер мен бағдарламалар
ғана орнатылады.
Қалпына келтіру медиасын жасау
ЕСКЕРІМ: Амалдық жүйені қалпына келтіру медиасын бір рет қана жасауға болады. Одан
кейін медианы жасау мүмкін емес.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Безопасность и защита
(Қауіпсіздік жəне қорғаныс) > HP Recovery Disc Creator тармақтарын таңдаңыз.
2. Driver DVD (Драйверлері бар DVD дискісі) немесе Windows DVD (Windows амалдық
жүйесі бар DVD дискісі) мүмкіндігін таңдаңыз.
3. Қалпына келтіру дискісіне жазатын диск жетегін ашылмалы мəзірден таңдаңыз.
4. Жазу үрдісін бастау үшін Burn (Жазу) түймешігін басыңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Амалдық жүйеңіздің сақтық көшірмесін жасау үшін HP Recovery Disc
Creator жəне орнатылған оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегі арқылы жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) бағдарламалық құралдың параметрлері орнатылғаннан кейін дереу жасау қажет.
Жаңа
бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің
жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын
жалғастыру қажет. Жүйені қалпына келтіру дискілері (тек таңдаулы үлгілерде) жүйенің
тұрақсыздығы немесе жүйе ақаулығы жағдайларында компьютерді бастау (қайта бастау) жəне
амалдық жүйені жөндеу үшін қолданылады. Бастапқыда жəне кейін жасалған сақтық
көшірмелер, егер
ақаулық орын алса, деректер мен параметрлерді қалпына келтіру мүмкіндігін
береді.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде
жасауға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
●
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін үнемі
жасап жүріңіз.
●
Сəйкес бағдарламаларда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Бейімделген
параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында
көрсетілетін параметрлеріңізді экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді
қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
●
Дискілерге сақтық көшірме жасаған кезде, дискілердің (бөлек сатылады) мына түрлерінің
кез келгенін қолданыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 41