The first HP laptop to run was Windows 7

Басталғанда қалпына келтіру құралы арқылы ақпаратыңызды қалпына келтіру үшін, мына
əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Басталғанда қалпына келтіру құралы пайдаланылған болса, қатты дискідегі
мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар жəне
компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу
аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық құралдар мен
утилиталар сақтық көшірмелерден қалпына келтіріледі.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкіндігінше, Windows жүйесі бөлімінің жəне HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз.
Windows жүйесі бөлімінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер пəрменін
таңдаңыз.
HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып,
Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару)
пəрменін, одан
кейін Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі жойылған болса, f11 қалпына келтіру функциясы
жұмыс істемейді. Егер Windows жəне HP Recovery бөлімдері мүмкіндіктер тізімінде
болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі
жəне «Драйверді қалпына келтіру» дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатылады) қалпына
келтіру керек. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек
сатылады) пайдалану 44-бетте бөлімінен қараңыз.
3. Егер Windows жүйесінің бөлімі жəне HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта
бастаңыз да, f8 пернесін Windows амалдық жүйесі басталғанша басыңыз.
4. Startup Repair (Басталғанда қалпына келтіру) пəрменін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Ақпаратты Windows құралдары арқылы қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат
алу үшін, Анықтама жəне қолдау орталығында қажет бөлімді іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдары пайдаланылған болса, қатты дискідегі мазмұн
толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар жəне
компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру
құралы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған НР бағдарламаларын қайта орнатады.
Зауытта орнатылмаған бағдарламаларды қайта орнату қажет.
Бастапқы қатты диск кескінін f11 пернесін басу арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкіндігінше, HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін жəне «Драйверді қалпына
келтіру» дискісін пайдалану арқылы (екеуі бөлек сатылады) қалпына келтіруіңіз тиіс.
Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
44-бетте бөлімінен қараңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 43