The first HP laptop to run was Windows 7
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне экранның
төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басу) хабары экранда
көрсетіліп тұрғанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows 7 амалдық жүйесі бар DVD дискісіне тапсырыс беру үшін НР веб-торабына өтіңіз.
АҚШ-та қолдау алу үшін,
http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты
қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/
wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз. Қолдау қызметіне телефон соғу арқылы да DVD
дискісіне тапсырыс қоя аласыз. Байланыс ақпаратын компьютермен қоса қамтамасыз етілген
Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасынан қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісі пайдаланылған болса, қатты дискідегі
мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар жəне
компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу
аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық құралдар мен
утилиталар қалпына келтіріледі.
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісі арқылы қалпына келтіруді бастау үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Бұл үрдісті аяқтау үшін бірнеше минут қажет болуы мүмкін.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз жəне Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін Windows
амалдық жүйесі басталғанша оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Нұсқау берілгенде, кез келген пернетақта пернесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) құсбелгісін қойыңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарып алып, «Драйверді қалпына келтіру»
дискісін салыңыз.
2. Алдымен, аппараттық құралдарды іске қосатын драйверлерді, одан кейін ұсынылған
бағдарламаларды орнатыңыз.
44 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру