The first HP laptop to run was Windows 7

Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
Сервистік жапсырмамыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды:
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмірі (с/н)
(3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n)
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
(5) Үлгі сипаттары (тек таңдаулы үлгілерде)
Қолдау қызметіне хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Техникалық
деректер жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
Microsoft® түпнұсқалық туралы куəлігі - Windows өнім кілті туралы ақпаратты қамтиды.
Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін.
Microsoft түпнұсқалық куəлігі компьютердің түбіне жабыстырылады.
Құқықтық деректер жапсырмасы компьютер туралы құқықтық ақпарат береді.
Техникалық
деректер жапсырмасы қызмет көрсетуге арналған есіктің ішіне жабыстырылады.
Сымсыз куəландыру белгісі немесе белгілер (тек таңдаулы үлгілерде) — қосымша сымсыз
құрылғылар туралы жəне құрылғылар қолдану үшін бекітілген кейбір мемлекеттер мен
аймақтардың мақұлдау таңбаларын береді. Компьютерде бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғылар болса, бір немесе бірнеше куəландыру белгісі компьютермен бірге беріледі.
Бұл ақпарат шетелге саяхатқа
шыққанда қажет болуы мүмкін. Сымсыз куəлік беру
жөніндегі жапсырмалар батарея орнында орналасқан.
SIM (абонентті анықтау модулі) жапсырмасы (тек таңдаулы үлгілерде) — SIM картасының
ICCID кодын (Кірістірілген байланыс картасының кодын) береді. Бұл жапсырма батарея
ұясының ішінде орналасады.
HP мобильді кең жолақты модулінің сервистиік жапсырмасы (тек таңдаулы үлгілерде) —
HP мобильді кең жолақты модулінің сериялық нөмірін көрсетеді. Бұл
жапсырма батарея
ұясының ішінде орналасады.
46 Бап 7 Қолдау