The first HP laptop to run was Windows 7
1 Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желі байланысын орнату 17-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да,
тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады. Қосымша ақпаратты HP ноутбугінің
анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану туралы нұсқауларды
Ақпаратты табу 2-бетте атты бөлімнен қараңыз.
● Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар 20-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық
құралдарды пайдалану туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін бағдарламалық құралмен
қоса немесе өндірушінің веб-торабында қамтамасыз етілуі мүмкін бағдарламалық құралды
өндірушінің нұсқауларын қараңыз.
1