Анықтамалық нұсқаулық
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel жəне Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШтағы сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Ноутбукке жалғанған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары KKWW
Maзмұны 1 Кіріспе ............................................................................................................................................................. 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу .................................................................................................................................. 5 Оң жағы ....................
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ........... 25 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ................................................................................................ 26 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 26 Сенсорлы тақта қимылдарын қолдану ............................................................................ 26 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану ............................................................................. 44 Intel Rapid Start Technology (тек таңдаулы үлгілерде) .................................. 44 Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу ............................................................. 44 Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу ................ 45 Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану ....................................
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешу ..................................................... 58 Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу ......................................... 59 Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ....................................................................... 59 Қатты дискіні шығарып алу ............................................................................. 59 Қатты дискіні орнату ....................................................................................
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру ...................................................................................... 81 Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ............................................................................................. 81 Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ........................................................................................ 82 Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану ........................................................
қосымшасы ə Ақаулықтарды жою .............................................................................................................. 105 Ақаулықтарды жою көздері ............................................................................................................ 105 Мəселелерді шешу .......................................................................................................................... 106 Компьютер қосылмайды .................................................................
1 Кіріспе Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын жəне қосымша мəліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері ● Заңдық жəне қауіпсіздік ақпараты ● Батареяларды қоқысқа тастау туралы ақпарат Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. 2. Мой компьютер (Компьютерім), одан кейін Руководоства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
4 1-тарау Кіріспе KKWW
2 Компьютермен танысу Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат түймешігі Қуатты қосады немесе өшіреді. (2) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі.
Бөлік Сипаттама (7) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды. (8) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) KKWW Үндеткіш Дыбыс шығарады.
Дисплей ЕСКЕРТУ: Ноутбук ретінде пайдалану кезінде дисплейдің топсаларын зақымдамау үшін, дисплейді сағат тіліне қарсы бағытта бұруға жəне күштеп бұруға болмайды. Сенсорлы экранның функцияларын көптеген бағдарламаларда пайдалануға мүмкіндік бере отырып, компьютеріңіз стандартты ноутбук пен планшет ретінде қызмет ете алады.
сағат тілімен бағыттас оңай бұрып оны планшет ретінде жəне сағат тіліне қарсы бағытта бұрып ноутбук ретінде қайта пайдалануға болады. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (2) Сыртқы жарық сенсоры Дисплейдің жарықтығын сыртқы жарық деңгейіне байланысты арттырады немесе төмендетеді.
Бөлік (7) Сипаттама Windows Өзіндік беті түймешігі Бастау экранына оралады. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы. (3) (4) Микрофон дыбысын өшіру шамы Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lk пернесімен, esc пернесімен немесе b пернесімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсету үшін ашатын есік Ішінде қатты диск, сымсыз желі модулі ұясы, сымсыз кең аймақ желісінің ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) жəне жад модулінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік 14 Сипаттама (4) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (5) Батарея орнының қақпағын ашу ысырмасы Батарея қақпағын батарея орнынан босатады.
Артқы көрінісі Бөлік (1) (2) Сипаттама Шамдары бар RJ-45 (желі) ұясы USB 3.0 порты Желілік кабелді қосады. ● Жасыл (сол жақта): желі қосылған. ● Сары (оң жақта): Желіде əрекет орын алуда. Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (54-бет) бөлімінен қараңыз. (3) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
16 (6) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (7) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: компьютер тұрақты ток арқылы жұмыс істеуде.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды. Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін: ● Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы – Компьютерлерді корпоративті офистер, үй жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. 2.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады. ● Сымсыз шифрлауды қолданыңыз. Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. 8. Батареяны орнына салыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 9. Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
● Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера) ● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. Компьютермен бірге жеткізілген Windows Негіздері нұсқаулығын қараңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін қолданыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін, сенсорлы тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет.
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мəзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді.
● Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мəзірін ашу үшін басыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған.
● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жылжытыңыз. Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз. ● Бағдарламалар арасында ауысу үшін сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен саусағыңызды сырғытыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● KKWW Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен ақырын жылжытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f2 Орнатылған барлық батареялардың қуаты туралы ақпаратты көрсетеді. Дисплей қай батареяның қуатталып жатқанын көрсетеді жəне əр батареяда қалған қуат көлемі жайында есеп береді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану (2) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (5) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді. Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock шамы сөніп тұрады.
36 4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау KKWW
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам п
● Дыбыс деңгейі түймешіктері ● Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер) ● Дыбыс деңгейі пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. 2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз. 3. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз.
Бейне Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін: Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Компьютеріңізде мына сыртқы бейне порты бар: ● DisplayPort МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын қараңыз.
● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. fn+f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді. ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз.
42 5-тарау Мультимедиа KKWW
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосықышы болуы мүмкін. Осы нұсқаулық ішінде қуат түймешігі термині қуатты басқару құралдарының екі түрліне де қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса, ашық тұрған бағдарламалардың барлығын жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. ● Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны шығарыңыз. Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі. ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз. 1.
1. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын таңдаңыз. 3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз. 4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
▲ Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Аккумулятор и производительность (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз. Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді. Батареяны тексеруді іске асыру үшін: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. – немесе – ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді.
2. Батареяны батареяның орнына отырғанша 45 градус бұрышында (1) енгізіңіз. Батареяны орнына түскенше төмен қарай бұрыңыз (2). Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1.
● Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Жад карталарын оқығышты қолдану (таңдаулы үлгілерде ғана) Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (5-бет) бөлімін қараңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны (1) ішке қарай басып, ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Қажет бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қай портын қолдануды білу үшін өндіруші' нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: KKWW ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. 1. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті дұрыстап туралай отырып, оны орнына салыңыз (1) жəне қақпақ өз орнына түскенше оны батарея орнына қарай сырғытыңыз (2). 2.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. 3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз. 4. Батареяның орнының қақпағын жəне батареяның өзін алып тастаңыз (Батареяны шығарып алу (49-бет) бөлімін қараңыз). 5. Қатты дискінің 1 бұрандасын босатыңыз. Қатты дискіні қырық бес градус бұрышында бұрып, оны қатты диск ұясынан көтеріп алыңыз. Қатты диск – стандартты қатты дискіге ұқсас емес тұрақты күйдегі диск.
Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей береді. Қатты дискінің көлеміне жəне бөлініп қалған файлдар саына байланысты дискіні дефрагментациялауға бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны түнде немесе компьютерді қолдану керек емес басқа уақытта жасауға болады. HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады.
62 8-тарау Дискілер KKWW
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз еткен стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне жатпайтын Computer Setup қызметі көмегімен жеке параметрлер мен деректерді түрлі қатерлерден қорғауға болады. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз компьютердегі ақпаратты қорғау үшін таңдалған таңбалар тобы болып табылады. Ақпаратыңызды пайдалануды бақылауды қалай жүргізгіңіз келгеніне байланысты құпия сөздердің бірнеше түрін қоюға болады. Құпия сөздерді Windows жүйесінде немесе компьютерге алдын ала орнатылған Windows жүйесіне жатпайтын Computer Setup қызметінде орнатуға болады. ● BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі барысында DriveLock Passwords параметрінде орнатылады.
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу BIOS administrator password (BIOS əкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзі енгізу əрекеті 3 рет қатар сəтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock Password (DriveLock құпия сөзі) сұралғанда, пайдаланушы немесе басты құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары)> Automatic DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз. 5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 7.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану Компьютерді электрондық пошта, желі немесе Интернет бетін ашу үшін пайдаланғанда оған вирустар ену қаупі төнеді. Компьютерлік вирустер амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе қызметтік бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне əкеліп соқтырады. Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, жəне көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз. Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін Бастау экранында п əрпін теріңіз де, Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз. 74 1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге жақын арада орнатылғанын тексеріңіз жəне қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз. BIOS жүйесін жаңарту (89-бет) бөлімін қараңыз.
5. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу (59-бет) бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (48-бет) қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10. Компьютерді қосыңыз.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензиль аммоний хлориді ең көбі 0,3 пайыз концентрация (мысалы: бір рет қолданылатын майлықтардың сан алуан түрі бар).
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады. SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді: ● Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкін болса, бейнені қалпына келтіру бөлімінің жəне Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Бастау экранында файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) белгішесін басыңыз. – немесе – Бастау экранына pc (пк) əріптерін жазып, Этот компьютер (Осы ДК) тармағын таңдаңыз.
4. Экранда «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары шыққанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану Windows амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (əлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да қарауға болады. http://www.hp.
HP Software Setup утилитасын пайдалану HP Software Setup утилитасын драйверлерді немесе зақымдалған не жүйеден жойылған кейбір бағдарламалық құралдарды қайта орнату үшін қолдануға болады. KKWW 1. Бастау экранында HP Software Setup (НР бағдарламалық құралын орнату) деп жазыңыз. 2. HP Software Setup утилитасын ашыңыз. 3. Драйверлерді қайта орнату немесе бағдарлама таңдау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
86 11-тарау Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру KKWW
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
● Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пəрменді таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз. ● Жоғары жəне төмен жылжу үшін, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен көрсеткіні басыңыз немесе жоғары не төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз. ● Ашық тілқатысу терезелерін жауып, негізгі Computer Setup экранына оралу үшін, esc пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді. ЕСКЕРТПЕ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз жəне қауіпсіздік параметрлері өзгермейді. BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін.
1. Бастау экранында hp support assistant деп теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. 2. Обновления и подстройки (Жаңартулар мен реттеулер) пəрменінен кейін Проверить наличие обновлений для НР (НР жаңартулары бар екенін тексеру) пəрменін таңдаңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз: а. BIOS жаңартуы компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқа екендігін анықтаңыз. Күні, аты немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз.
MultiBoot желісін пайдалану Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе іске қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз. – немесе – Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз. 5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
енгізіңіз. («0» мəні таңдалған жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мəзірі көрсетілмейді.) 5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея орнында немесе сервистік есіктің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
KKWW ● Microsoft® түпнұсқалық қуəлігі (тек таңдаулы үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз құралдардың куəландыру жапсырмасы(лары) – қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпарат жəне осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған кейбір елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
98 13-тарау Қолдау KKWW
14 Техникалық сипаттамасы KKWW ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы 99
Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) KKWW Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -1
102 14-тарау Техникалық сипаттамасы KKWW
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз.
орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.
Мəселелерді шешу Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды. Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін басқа электр құрылғысын қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз. Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы мүмкін. Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.
● DSL немесе кабель модемі жəне оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдар жанғанына көз жеткізіңіз. ● Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне кабель немесе DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз. ● Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз. Диск ойнатылмайды ● Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында жұмысыңызды сақтап, барлық ашық болған бағдарламаларды жабыңыз.
Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын тоқтатылды KKWW ● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз. ● Ұйқылық күйді өшіріңіз. ● Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз. ● Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз. ● Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
110 ə қосымшасы Ақаулықтарды жою KKWW
б Электростатикалық ток соғу Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
112 б қосымшасы Электростатикалық ток соғу KKWW
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 70 шығарып алу 71 айнымалы ток адаптері, тексеру 52 айнымалы ток адаптерін тексеру 52 ақаулықтарды жою дискіге жазу 109 дискіні ойнату 108 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 108 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6 аудио функциялар, тексеру 38 аудио функцияларды тексеру 38 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 6 Ә əкімші құпия сөзі 64 əуежай қауіпсіздік құралдары 57 Б бағдарламалық құрал антивирус 72 Дискіні дефрагментациялау құралы 60 Дискіні тазалау 61 желіар
сериялық нөмір 96 сымсыз куəлік 97 техникалық 97 жауап қайтармайтын жүйе 43 желдеткіштер, анықтау 7, 13 желіаралық қалған бағдарламасы 72 желі ұясы, анықтау 15 жұмыс ортасы 101 жылдам пернелер, медиа 37 И Интернет байланысын орнатқыш 20 К кабельдер USB 55 компьютер, сапарға шығу 50, 103 компьютерге күтім көрсету 78 компьютерді өшіру 43 компьютерді сапарға алып шығу 50, 97, 103 компьютерді тазалау 78 корпоративтік WLAN қосылымы 21 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 33 Күту қосу 45 шығу 45 күтім Дискіні д
порттар DisplayPort 15, 40 USB 3.
зауыт параметрлерін қалпына келтіру 88 шарлау жəне таңдау 87 D DisplayPort, анықтау 15 DisplayPort, жалғау 40 DriveLock құпия сөзі енгізу 69 орнату 68 өзгерту 69 сипаттама 67 шығарып алу 70 E esc пернесі, анықтау 12 F f11 қалпына келтіру 83 fn пернесі, анықтау 12, 32 G GPS 23 H HP Client Security 73 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) жүктеу 94 пайдалану 94 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 97 U USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін), анықтау 15 USB 3.