Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны Hewlett-Packard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялары тобының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе планшеттің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін планшетті тізеңізге қоймаңыз немесе планшеттің ауа желдеткішін бітемеңіз. Планшетті қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ............................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
5 Мультимедиа ............................................................................................................................................. 19 Аудио ................................................................................................................................................................... 19 Дыбыс деңгейін реттеу ................................................................................................................... 19 Гарнитураны қосу ......................
DriveLock құпия сөзін енгізу (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................ 34 DriveLock картасын өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................ 34 Computer Setup Automatic DriveLock мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ........ 35 Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу (тек таңдаулы үлгілерде) ......................... 35 Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін ажырату (тек таңдаулы үлгілерде) .......
Жүктеу ретін F9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту ............................................................. 50 TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) ....................................................................................... 51 HP Sure Start бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ......................................................... 51 11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) ................................................................................................
1 Қош келдіңіз Планшетті орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (12-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту – Планшетті вирустардан болатын зақымнан қорғаңыз. Бағдарламалық құрал планшетте алдын ала орнатылған.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Планшеттің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу Жұмысқа кіріскенде бағдарламасы ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.
Ресурстар 1. Мазмұны Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. ПК (ДК), одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік және қызметтер) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Бөліктер Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (2) Алдыңғы веб-камера Бейнені жазады және суреттерді түсіреді. Веб-камераны пайдалану үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына cam сөзін теріп, CyberLink YouCam опциясын түртіңіз.
Бөлік (7) Сипаттама Windows түймешігі Бастау мәзірін көрсетеді. *Бұл антенналар планшеттің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертулерді еліңізге немесе аймағыңызға қатысты қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама (1) Микро SD карта оқығыш/Mикро SIM ұясына қол жеткізу тесігі Қағаз қыстырғышты қолданып, қол жеткізу тесігін ашып, SD картасын немесе микро SIM модулін салуға немесе алуға болады. (2) Жад картасын оқығыш/Микро SIM ұяшығы Ақпаратты сақтайтын, басқаратын, ортақ пайдалану мүмкіндігін ұсынатын немесе қол жеткізетін қосымша жад карталарын оқиды, және қосымша сымсыз SIM карталарын қолдайды (таңдаулы өнімдерде ғана).
Жоғарғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/Aудио-кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео динамиктерге, құлақаспаптарға, тығын тәріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидардың дыбыс ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Астыңғы жағы Бөлік 8 Сипаттама (1) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (2) Өнім және ережелер туралы ақпарат Өнім және ережелер туралы ақпаратты көрсетеді (таңдаулы өнімдерде ғана). Амалдық жүйе туралы ақпарат (9-бет) бөлімін қараңыз (3) Жалғау ұясы Қосымша AТ адаптерін немесе қосымша жалғау құрылғысын жалғайды.
Амалдық жүйе туралы ақпарат Жүйе туралы маңызды ақпарат планшеттің төменгі шетінде немесе артында орналасқан (таңдаулы өнімдерде ғана). Ақпарат шетелге саяхатқа шыққанда немесе қолдау қызметімен хабарласқан кезде қажет болуы мүмкін. ● Сериялық нөмір ● Өнім нөмірі ● Ережелер туралы ақпарат Планшет параметрлерін өзгерту Көрініс пен экран жарықтығын өзгерте аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Счетчик питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін түртіп, Регулировать яркость экрана (Экран жарықтығын реттеу) пәрменін таңдауға және экранның төменгі жағындағы Яркость экрана (Экран жарықтығы) параметрінің жанындағы сырғытпаны жылжытуға болады.
5. Шағын SIM картасын шағын SIM саңылауына енгізіңіз (3), одан кейін оны итеріп, бекітіңіз. – немесе – Шағын SIM картасын шағын SIM саңылауынан шығару үшін картаны қайта басыңыз. 6. Ілгегін енгізіп (1), ашылмалы панелін жабыңыз(2). 7. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 8. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 9. Планшетті қосыңыз.
3 Желі қосылымдары Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшетті және сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. 2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет.
Нөмірді табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басыңыз. 2. Показать параметры подключения (Қосылыс параметрлерін көрсету) таңдаңыз. 3. Мобильное широкополосное подключение (Мобильді кең жолақты қосылыс) бөліміндегі желі күйінің белгішесін басыңыз. Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
4 Түрту қимылдарын пайдаланып шолу Планшет сенсорлы экрандағы сенсорлы қимылдарды түрту арқылы шолу мүмкіндігін ұсынады. Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. Бір саусақты сырғыту Көбінесе, бір саусақты сырғыту қимылы панорамалау немесе тізімдер мен беттерді айналдыру үшін қолданылады, бірақ оны нысанды жылжыту сияқты басқа да әрекеттерді орындау мақсатымен пайдалана аласыз.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Экрандағы нысанды таңдау үшін оны бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Элемент туралы ақпаратты қамтамасыз ететін анықтама терезесін ашу үшін нысанды саусақпен басып тұрыңыз. Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет әрекет. ● 16 Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін екі саусақты дисплейге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін екі саусақты дисплейге арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Экрандағы пернетақтаны пайдалану Сізге мәліметтерді деректер жолағына енгізуге қажет болу мүмкін.
Сандық қаламды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Қаламға батареяны салу үшін: 1. Қаламды бұрап алыңыз. 2. Ескі батареяны алып, қайта қолдану орталығына өткізіңіз. 3. Жаңа батаеряны салыңыз. 4. Қаламды орнына қойып, бекітіңіз. 5. Қалам автоматты түрде орнатылғанша екі секунд күтіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Қаламның ұшын осы екі секунд аралығында басу орнату айналымын тоқтатады және қаламды орнату үрдісін қайта бастау қажет болдаы. Сандық қалам палншетпен бірге қолданылуға дайын.
5 Мультимедиа Аудио HP планшетінде музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз. Дыбыс деңгейін реттеу Дыбыс деңгейін дыбыс түймелері арқылы реттеуге болады.
Планшеттегі жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына sound сөзін теріп, Sound Recorder опциясын түртіңіз. 2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз. 3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз. Планшеттегі аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз. Ұйқылық күйді қосу және одан шығу Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға болады: ● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий режим (Ұйқылық күй) тармағын таңдаңыз. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
● Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, тінтуір меңзерін қуат көрсеткіші белгішесінің ● үстіне орналастырыңыз. Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Сондай-ақ, тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютерлерде ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында қолданылады. Батарея туралы қосымша ақпарат табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Қалған батарея зарядын көрсету ▲ Меңзерді Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесінің үстіне апарыңыз. Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады. Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Батарея қуатын үнемдеу ● Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. – немесе – ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Компьютер қосылып тұрса, тапсырмалар тақтасындағы қуат көрсеткіші белгішесінің түрі өзгереді. Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ ● Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз.
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
2. 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. Security (Қауіпсіздік) пәрменін таңдаңыз; Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) немесе Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) опциясын (тек таңдаулы үлгілерде), DriveLock параметрін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
DriveLock мүмкіндігін өшіру (тек таңдаулы үлгілерде) 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● 2. Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізу және Set DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін орнату) пәрменін таңдау қажет болуы мүмкін. 5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 6. Құпия сөзді өзгерту үшін қажет параметрді таңдаңыз, одан кейін құпия сөзді енгізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін ажырату (тек таңдаулы үлгілерде) Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы, желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін.
8 Күтім Планшетті тазалау Тазалау өнімдері Планшетті қауіпсіз тазалау үшін келесі химиялық заттардың біреуін пайдаланыңыз: Тазалау өнімдері Бензил-C12-18-алкилдиметил аммоний хлоридтері < 1% Төрттік аммоний құрамдастары, C12-14-алкил[(этилфенил)метил]диметил, хлоридтер < 1% Изопропанол 10-20%; Этиленгликольдің монобутил эфирі 1-5% n-Алкил диметил бензил аммоний хлориді 5%-10% Дидецил диметил бензил аммоний хлориді 5%-10% Этил алкоголі 1%-5% Лаурил диметил амина оксиді 0,1%-1,5% Алкил диметил бензил аммони
Тазалау қадамдары Планшетті қауіпсіз тазалау үшін осы бөлімде берілген нұсқауларды орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! тазаламаңыз: Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы құралды Планшетті өшіріңіз. Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды планшет порттарының беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді. ● Әуе сапары кезінде планшетті қолдануға рұқсат беру әуе компаниясының құзырында.
9 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (44-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (44-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (46-бет) бөлімінен қараңыз.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады. Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын анықтаңыз.
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін. ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI ең соңғы нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөлімінде Download (Жүктеу) сілтемесін таңдап, Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз. Белгілі бір өнім үшін UEFI кез келген нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады. 2.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз планшетті халықаралық сапарға алып шығуды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Планшет айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Планшет бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А Автоматты DriveLock 35 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 35 шығарып алу 36 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 7 аудио функциялары, тексеру 19 аудио функцияларын тексеру 19 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 7 ауыстырып қосу, авто-айналдыру, анықтау 7 Ә әкімші құпия сөзі 29 Б бағдарламалық құрал вирусқа қарсы 36 желіаралық қалқан 36 маңызды жаңартулар 37 бастапқы жүйені қалпына келтіру 44 бастапқы қалпына келтіру мүмкіндіктер 43 батарея ауыстыру 26 батареяның төмен деңгейлері 25 жою 26 зар
әкімші 29 пайдаланушы 29 М маңызды жаңартулар, бағдарламалық құрал 37 микрофон (аудио кіріс) ұясы, анықтау 7 Н НР Recovery бөлімі қалпына келтіру 45 шығарып алу 46 НР ұялы кең жолақты модулі, ажыратылған 10 О оқылатын медиа 21 орнату утилитасы жылжу және таңдау 47 зауыттық параметрлерді қалпына келтіру 48 оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау 23 Ө өнім аты және нөмірі, планшет 9 өте төмен батарея деңгейі 21 П пайдалану қуатты үнемдеу күйлері 21 сыртқы айнымалы ток қуаты 26 пайдаланушы құпия сөзі 29 пе
S Sure Start пайдалану 51 T TPM параметрлері 51 W Windows жүйені қалпына келтіру нүктесі 41, 43 Windows құралдары пайдалану 43 Windows түймесі, анықтау 5 WLAN антенналар, анықтау 4 WLAN желісіне қосылу 13 WWAN антенналар, анықтау 4 WWAN құрылғысы 12, 13 Индекс 59