Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Күйіп қалу немесе планшеттің қызып кету қаупін азайту үшін, жұмыс кезінде айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейге тимеуін қадағалаңыз. Планшет жəне айнымалы ток адаптері ақпараттық технология жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін пайдаланушыға рұқсат етілген беткей температурасына сай өндірілген.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Планшетпен танысу ...................................................................................................................................... 4 Алдыңғы жағы ....................
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау .......................................................................... 19 2 саусақпен басу .............................................................................................................. 19 Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................................................. 20 Саусақты жиектен жылжыту ............................................................................................
8 Қауіпсіздік ..................................................................................................................................................... 33 Планшетті қорғау .............................................................................................................................. 33 Құпия сөздерді пайдалану ............................................................................................................... 33 Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату ............
13 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 46 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................ 46 Жұмыс ортасы .................................................................................................................................. 46 Қосымша а Планшетті сапарға алып шығу ................................
1 Қош келдіңіз Планшеттің параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. ● Интернетке қосылу—Интернетке қосылу үшін, сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу 11-бетте бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту—Планшетті вирустардан болатын зақымнан қорғаңыз. Бағдарламалық құрал планшетте алдын ала орнатылған.
Ақпаратты табу Планшетте түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал орнатылған. Құралдар Берілетін ақпарат Орнату нұсқаулары буклеті ● Планшетті орнату туралы ● Планшет бөліктерін анықтау бойынша көмек Основый Windows (Windows Негіздері) нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу. HP Support Assistant ● Амалдық жүйе туралы ақпарат HP Support Assistant (HP қолдау көрсету) бағдарламасын ашу үшін бастау экранынан HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Бұл нұсқаулыққа қол жеткізу үшін, Бастау экранындағы HP Support Assistant қолданбасын таңдап, Менің компьютерім, содан кейін Кепілдік жəне қызметтер тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қатысты арнайы НР шектеулі кепілдігін планшеттегі жəне/немесе қорапта келген CD/DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарының ішінен табуға болады.
2 Планшетпен танысу Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (2) Алдыңғы веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. Веб-камераны қолдану үшін, Бастау экранынан YouCam бағдарламасын басыңыз немесе шебер түймелерді шығару үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипап өтіңіз, одан кейін Search (іздеу) жəне іздеу терезесін басыңыз.
Бөлік Сипаттама (6) NFC (Аясы жақын сымсыз байланыстар) түрту аймағы NFC- үйлесімді құралды басып, планшетке сымсыз қосылу жəне байланыс жасау, деректерді екі жаққа да тасымалдау мүмкіндігін ұсынады. (7) Windows түймешігі Бастау экранын көрсетеді. *Бұл антенналар планшеттің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз.
(3) Артқы веб-камера Бейнелер жазуға, фотосуреттер түсіруге жəне бейне ағынмен ойнату арқылы бейне конференциялары мен желіде əңгімелесу сеанстарын ұйымдастыруға болады. Веб-камераны қолдану үшін, Бастау экранынан YouCam бағдарламасын басыңыз немесе шебер түймелерді шығару үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипап өтіңіз, одан кейін Search (іздеу) жəне іздеу терезесін басыңыз. Іздеу терезесінен с əрпін теріп, одан кейін CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Бөлік (2) Сипаттама Авто-айналдыруды ауыстырып қосу Планшет қосылып тұрғанда дисплейдің автоайналдыру функциясын бекіту үшін, авто-айналдыру ауыстырып қосқышын сырғытыңыз. Авто-айналдыру функциясын қосу үшін, ауыстырып қосқышты қайта сырғытыңыз. – немесе – Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарып алыңыз, Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз, экран таңбасын түртіңіз, одан кейін авто-айналдыру таңбасын түртіңіз.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (2) Өнім жəне ережелер туралы ақпарат Өнім жəне ережелер туралы ақпаратты көрсетеді (таңдаулы үлгілерде ғана). Амалдық жүйе туралы ақпарат 8-бетте бөлімін қараңыз. (3) Жалғау ұясы Қосымша AТ адаптерін немесе қосымша жалғау құрылғысын жалғайды. Амалдық жүйе туралы ақпарат Жүйе туралы маңызды ақпарат планшеттің төменгі шетінде немесе артында орналасқан (таңдаулы үлгілерде ғана).
Планшеттің авто-айналуды құлыптау функциясын қолдану Планшеттің авто-айналуды құлыптау функциясын қосу үшін: ▲ Планшеттің жоғарғы шетіндегі авто-айналуды ауыстырып қосу түймесін сырғытыңыз. – немесе – 1. Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарыңыз да, Параметры (Параметрлер) белгішесін түртіңіз. 2. Планшеттің ағымдағы экранын тұрған жерінде құлыптау жəне оның айналуын болдырмау үшін экрандағы белгішені түртіңіз. Авто-айналу құлпы қосулы кезде құлып белгішесі көрсетіледі.
Бағдарламалық құралдарды табу ▲ Планшетте қандай бағдарламалық құрал орнатылғанын көру үшін, бастау экраны арқылы саусағыңызды сенсорлы экранның ортасынан жоғарғы қарай жылжытып, қолданбалар экранын ашыңыз. Планшетте орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту Көптеген бағдарламалық құралдар, соның ішінде амалдық жүйе, өндіруші немесе провайдер тарапынан жиі жаңартылып отырады. Планшет зауыттан шығарылғаннан кейін онда орнатылған бағдарламалық құралдардың маңызды жаңартулары пайда болуы мүмкін.
3 Желіге қосылу Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардағы ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады. ЕСКЕРІМ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу WLAN желісін орнату бойынша көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе ISP жеткізушісі берген ақпаратты қараңыз. ЕСКЕРІМ: Бастапқыда жаңа сымсыз құрылғыны планшетке жабдықталған желілік кабель арқылы қосу ұсынылады. Планшет Интернетке сəтті қосылғаннан кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
ЕСКЕРІМ: Егер өзіңізге қажетті WLAN желісі көрінбесе, бастау экранынан саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен жылжытып, шебер түймелерді шығарып алыңыз, Поиск (іздеу) пəрменін басыңыз, одан кейін іздеу жолағын түртіңіз, управления сетями и общим доступом (желі жəне ортақ пайдалану аймағын басқару) деп теріп жазып, Центр управления сетями и общим доступом қызметін таңдаңыз, немесе Windows жұмыс үстелінен, желі таңбасын басып ұстап тұрыңыз, одан кейін Открыть центр управления сетями и общим доступом (
ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны планшеттен бөлек беруі мүмкін. SIM картасын салу жəне шығару туралы ақпаратты алу үшін, осы тараудың SIM картасын салу жəне шығару 15-бетте бөлімін қараңыз. НР мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы қызметті іске қосу əдісі туралы мəліметтер алу үшін, планшетке енгізілген НР мобильді кең жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз.
6. Ілгегін енгізіп (1), ашылмалы панелін жабыңыз (2). 7. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 8. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 9. Планшетті қосыңыз. Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
4 Түрту қимылдарын пайдаланып шолу Планшет сенсорлы экрандағы сенсорлы қимылдарды түрту арқылы шолу мүмкіндігін ұсынады. Планшетпен бірге жабдықталған Windows Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулық сенсорлы тақта немесе қосымша пернетақта көмегімен орындалатын жалпы тапсырмалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Экрандағы нысанды таңдау үшін оны бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Элемент туралы ақпаратты қамтамасыз ететін анықтама терезесін ашу үшін нысанды саусақпен басып тұрыңыз. Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет əрекет. ● 18 Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін екі саусақты дисплейге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін екі саусақты дисплейге арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мəзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту ашық бағдарламалар арасында жылдам ауысу үшін оларды көрсетеді. ● Қолданбалар арасында ауысу үшін саусағыңызды сенсорлы тақтаның сол жиегінен жылжытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз. Үстіңгі жиекті сипау Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі.
Экрандағы пернетақтаны пайдалану Сізге мəліметтерді деректер жолағына енгізуге қажет болу мүмкін. Бұл сымсыз желі конфигурациясын орнату кезінде, ауа райы туралы мəліметтер алу орнын орнатқанда немесе Интернет тораптарында пайдаланушы есептік жазбаларына кіру кезінде талап етіледі. Планшетте экрандық пернетақта бар жəне ол ақпаратты деректер жолақтарына енгізу қажет болған кезде көрсетіледі. 1. Пернетақта Бастау экранында падй болу үшін, бірінші деректер жолағын түртіңіз. Пернетақта көрсетіледі.
4. Қаламды орнына қойып, бекітіңіз. 5. Қалам автоматты түрде орнатылғанша екі секунд күтіңіз. ЕСКЕРІМ: Қаламның ұшын осы екі секунд аралығында басу орнату айналымын тоқтатады жəне қаламды орнату үрдісін қайта бастау қажет болдаы. Сандық қалам палншетпен бірге қолданылуға дайын. Экранға мəтін жазу үшін немесе элементтерді таңдау үшін қалам ұшын экранға тигізіңіз. Оң жағын басу əрекетін орындау үшін, экрандағы элементті таңдағанда қаламның бүйріндегі түймешікті басыңыз.
5 Мультимедиа Планшетте келесі нəрселер болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб-камера(лар) ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио HP планшетінде музыка жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Планшеттегі дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу) түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз. 2. Іздеу жолағына п əрпін теріп, одан кейін Панель управления (басқару тақтасы) пəрменін түртіңіз. 3. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) пəрмендерін түртіңіз. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойыншасын түртіңіз.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Планшеттің қуат түймешігі болады. Планшеттің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, планшетті өшіреді. Планшет ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса жəне сыртқы қуат көзінен ажыратылса, өшіріп қойыңыз. Планшетті қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows өшіру пəрменін қолдану ұсынылады.
Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз. Планшет ұйқы күйінен шыққанда, ол жұмыс тоқтатылған экранға оралады. ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде құпия сөз талап етілсе, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
қосылғанда, батарея зарядталады жəне қуат үзіліп қалған жағдайда жұмысыңызға қауіп төнбейді. Планшет батареясы қуатталған болса жəне сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, планшет айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, батарея қуатын автоматты түрде қосады. ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды.
Қалған батарея зарядын көрсету ▲ Windows жұмыс үстеліндегі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат өлшемдері белгішесін басыңыз. Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту Батареяның қуат аяқталу уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп қуатсыздану уақыты батареяның сақтау сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады. Батарея жұмысын ұзарту үшін, дисплейдің жарықтығын азайтыңыз.
Батарея қуатын үнемдеу ● Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу) түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз. Іздеу жолағына питание (қуат) сөзін теріп, Параметры (Параметрлер) тармағын, содан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз немесе бөлімін қараңыз. ● Қуат параметрлері арқылы қуат үнемдеу параметрін таңдаңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды жəне LAN байланыстарын өшіріңіз.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Жад карталарын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
32 4. Картаны ішіне қарай басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2). 5. Қол жеткізу тесігінің қақпағын жабыңыз.
8 Қауіпсіздік Планшетті қорғау Windows амалдық жүйесі жəне Computer Setup арқылы берілген стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жеке параметрлеріңізді жəне деректерді əртүрлі қауіптерден қорғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Планшетті қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпия файлдардың сақтық көшірмелерін жасап, файлдарды жəне құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
● HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен қолданбалар үшін жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды қауіпсіз оқуыңызға болады. ● Құпия сөздерді планшеттегі файлда сақтамаңыз. Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан планшетке жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан —тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
9 Күтім Планшетті тазалау Тазалау өнімдері Планшетті қауіпсіз түрде тазалау жəне дезинфекциялау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензиль амоний хлоридінің ең көп дегенде 0,3 пайыз концентрациясын (Мысалы: бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш сүркіштер. Бұл сүрткілердің бренд атаулары əртүрлі болады.
ЕСКЕРІМ: Планшеттің жапқышын тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз. Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
10 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, қосымша сыртқы флэш драйвын немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді: ● Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен планшетке орнатылған барлық бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені, драйверлерді, Windows жаңартуларын жəне тіл пакеттерін қайта орнатады. Барлық басқа қолданбаларды HP.com мекен-жайынан немесе Windows Store вебсайтынан жүктеп алу қажет.
11 Computer Setup жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) қолданбасын пайдалану Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе F10 BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мəндеріне қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз. Бастау мəзірі көрсетіледі. 3. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 4.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 6. Computer Setup мəзірінен өзгерістерді сақтамай шығу үшін, Главное (негізгі), Выйти, проигнорировав все изменения (өзгерістерді елемей шығу) пəрмендерін таңдап, экрандағы нұқсауларды орындаңыз. BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Планшетке зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын планшет айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, файл атауы.exe) екі рет түртіңіз. BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады. HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI).
12 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз: http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
13 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз планшетті халықаралық сапарға алып шығуды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Планшет айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзінде 100–240 В, 50–60 Гц параметрлері болуы тиіс. Планшет бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
а Планшетті сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Планшетке, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін азайту үшін, дискімен бірге жіберу, сақтау немесе сапарға шығу алдында, медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
ə Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6 аудио функциялары, тексеру 24 аудио функцияларын тексеру 24 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 6 ауыстырып қосу, автоайналдыру, анықтау 7 Ə əкімші құпия сөзі 34 Б бағдарламалық құрал антивирус 34 желіаралық қалқан 35 маңызды жаңартулар 35 батарея батареяның төмен деңгейлері 29 зарядсыздану 29 қалған зарядты көрсету 29 қуатты үнемдеу 30 батарея ақпараты, табу 28 батарея қуаты 28 Батареяны тексеру 28 батареяның төмен деңгейі 29 бөліктер алдыңғы жағы 4 артқы 5
планшетті күту 36 планшетті өшіру 26 планшетті сапарға алып шығу 47 планшетті тазалау 36 С саусақты оң жақ жиектен жылжыту 20 саусақты сол жақ жиектен жылжыту 21 саусақты үстіңгі жиектен жылжыту 21 сенсорлы экран арқылы қысу қимылы 19 сенсорлы экран арқылы масштабтау қимылы 19 сенсорлы экран қимылдары 20, 21 айналдыру 20 бір саусақты сырғыту 17 Екі саусақпен басу 19 жиектен жылжыту қимылдары 20, 21 жылжу 18 қысу 19 түрту 18 сенсорлы экран, пайдалану 17 сериялық нөмір 8 сымсыз антенналар, анықтау 4 сымсыз ба