Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны Hewlett-Packard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft және Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Күйіп қалу немесе планшеттің қызып кету қаупін азайту үшін, жұмыс кезінде айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейге тимеуін қадағалаңыз. Планшет және айнымалы ток адаптері ақпараттық технология жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін пайдаланушыға рұқсат етілген беткей температурасына сай өндірілген.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ............................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Планшетпен танысу ..................................................................................................................................... 4 Алдыңғы жағы ........
Бір саусақты сырғыту ...................................................................................................................... 18 Түрту ................................................................................................................................................. 18 Жылжу .............................................................................................................................................. 19 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау ..........................
8 Қауіпсіздік ................................................................................................................................................. 33 Планшетті қорғау ............................................................................................................................................... 33 Құпия сөздерді пайдалану ...............................................................................................................................
viii
1 Қош келдіңіз Планшеттің параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына әрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. ● Интернетке қосылу—Интернетке қосылу үшін, сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (12-бет) бөлімінен қараңыз. ● Планшетпен танысу—Планшет мүмкіндіктері туралы мәліметтер алыңыз.
Ақпаратты табу Планшетте түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал орнатылған. Құралдар Берілетін ақпарат HP жұқа клиенттеріне арналған Windows Embedded 8.1 Industry Pro–Әкімші нұсқаулығы Windows® Embedded 8.1 Industry Pro амалдық жүйесін пайдаланатын HP жұқа клиент үлгілерінің мүмкіндіктері Ең соңғы нұсқаулыққа қатынасу үшін, http://www.hp.com/support бөліміне өтіп, еліңізді таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: НР өнімін жоғарыда берілген мекенжайға ҚАЙТАРМАҢЫЗ. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/ go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/ country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
2 Планшетпен танысу Алдыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Алдыңғы веб-камера Бейнені жазады және суреттерді түсіреді. Веб-камера, шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипап пайдалану үшін Іздеу белгішесін түртіңіз және одан кейін іздеу жолағын түртіңіз. Іздеу жолағына cтеріңіз және Камератүртіңіз. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама (1) Микро SD карта оқығыш/Mикро SIM ұясына қол жеткізу тесігі Қағаз қыстырғышты қолданып, қол жеткізу тесігін ашып, SD картасын немесе микро SIM модулін салуға немесе алуға болады. (2) Жад картасын оқығыш/Микро SIM ұяшығы Ақпаратты сақтайтын, басқаратын, ортақ пайдалану мүмкіндігін ұсынатын немесе қол жеткізетін қосымша жад карталарын оқиды, және қосымша сымсыз SIM карталарын қолдайды (таңдаыл үлгілерде ғана).
Бөлік (1) Сипаттама Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/Aудио-кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео динамиктерге, құлақаспаптарға, тығын тәріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидардың дыбыс ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (2) Өнім және ережелер туралы ақпарат Өнім және ережелер туралы ақпаратты көрсетеді (таңдаулы үлгілерде ғана). Жүйелік ақпаратты табу (8-бет) бөлімін қараңыз. (3) Жалғау ұясы Қосымша AТ адаптерін немесе қосымша жалғау құрылғысын жалғайды.
Жүйелік ақпаратты табу Жүйе туралы маңызды ақпарат планшеттің төменгі шетінде немесе артында орналасқан (таңдаулы үлгілерде ғана). Ақпарат шетелге саяхатқа шыққанда немесе қолдау қызметімен хабарласқан кезде қажет болуы мүмкін.
Планшет параметрлерін өзгерту Басқару тақтасын ашу Мына әдістердің кез келгені арқылы басқару тақтасын ашуға болады: ▲ Тапсырмалар тақтасындағы Windows белгішені тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз және мәзірден Басқару тақтасы таңдаңыз. КЕҢЕС: Тінтуірдің оң жақ түймесімен басуды сенсорлық экрандағы қажетті орынды түртіп және ұстап тұрып орындауға болады. ▲ Шебер түймелер жолағын ашыңыз және Параметрлер > Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.
Планшеттің автоайналуды құлыптау мүмкіндігін пайдалану Планшеттің авто-айналуды құлыптау функциясын қосу үшін: ▲ Планшеттің жоғарғы шетіндегі авто-айналуды ауыстырып қосу түймесін сырғытыңыз. – немесе – 1. Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарыңыз да, Параметры (Параметрлер) белгішесін түртіңіз. 2. Планшеттің ағымдағы экранын орнында құлыптау және оның айналуын болдырмау үшін экран белгішесін түртіңіз. Автоайналуды құлыптау қосулы кезде белгіше құлып таңбасын көрсетеді.
Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы мәліметтерді табу Қатты дискіні табу Windows Device Manager планшетте орнатылған жабдықты анықтау үшін пайдалануға болады. Device Manager пайдалану үшін жүйеге Әкімші ретінде кіру керек. Device manager ашу үшін: 1. Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін түртіп, іздеу жолағын түртіңіз. 2. Іздеу жолағына диспетчер устройств (құрылғы менеджері) сөзін жазып, Диспетчер устройств тармағын түртіңіз. 3.
3 Желіге қосылу Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардағы ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
1. Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Параметрлер түртіп, Басқару тақтасы түртіңіз. 2. Басқару тақтасындағы HP Cloud Connection Manager басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін HP Cloud Connection Manager әкімшісінің нұсқаулығы қараңыз. WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден және қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз және сымды компьютерлерді қосуға болады. WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Сымсыз рутердің параметрлерін тексеру WLAN желісін орнату бойынша көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе ISP жеткізушісі берген ақпаратты қараңыз. ЕСКЕРТПЕ: Бастапқыда жаңа сымсыз құрылғыны планшетке жабдықталған желілік кабель арқылы қосу ұсынылады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ешқандай сымсыз жергілікті желі таңдалмаса, сымсыз жол жоспарлағыштың немесе кіру нүктесінің қызмет аймағынан тыс болуыңыз мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылу қажет WLAN көрінбесе, шебер түймелерді көрсету үшін Бастау экранында сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін түртіңіз, Іздеу жолағын түртіңіз, желі жəне бөлісу теріп, Желі және бөлісу орталығы таңдаңыз немесе Windows жұмыс үстелінде желі күйі белгішесін түртіп және ұстап тұрып, Желі және бөлісу орталығын ашу түртіңіз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, планшетке енгізілген НР мобильді кең жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз. SIM картасын салу және шығару ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты күш салмаңыз. SIM картасын алу немесе салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Планшетке жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
6. Ілгегін енгізіп (1), ашылмалы панелін жабыңыз (2). 7. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 8. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 9. Планшетті қосыңыз. Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
4 Түрту қимылдарын пайдаланып шолу Планшет сенсорлы экрандағы сенсорлы қимылдарды түрту арқылы шолу мүмкіндігін ұсынады. Планшетпен бірге жабдықталған Windows Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулық сенсорлы тақта немесе қосымша пернетақта көмегімен орындалатын жалпы тапсырмалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Элемент туралы ақпаратты қамтамасыз ететін анықтама терезесін ашу үшін нысанды саусақпен басып тұрыңыз. Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет әрекет. ● Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз. 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді.
● Үлкейту үшін екі саусақты дисплейге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін екі саусақты дисплейге арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мәзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: 2 саусақпен басу қимылын пайдалану – тінтуірдің оң түймесін басу сияқты әрекет. ● Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мәзірін ашу үшін басыңыз.
● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
● Қолданбалар арасында ауысу үшін саусағыңызды сенсорлы тақтаның сол жиегінен жылжытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз. Үстіңгі жиекті сипау Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі. ● Қолданбаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен жылжытыңыз.
пайдаланушы есептік жазбаларына кіру кезінде талап етіледі. Планшетте экрандық пернетақта бар және ол ақпаратты деректер жолақтарына енгізу қажет болған кезде көрсетіледі. 1. Пернетақта Бастау экранында падй болу үшін, бірінші деректер жолағын түртіңіз. Пернетақта көрсетіледі. – немесе – Пернетақтаны Windows жұмыс үстелінде көрстеу үшін , тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы пернетақта белгішесін басыңыз. 2.
Сандық қалам палншетпен бірге қолданылуға дайын. Экранға мәтін жазу үшін немесе элементтерді таңдау үшін қалам ұшын экранға тигізіңіз. Оң жағын басу әрекетін орындау үшін, экрандағы элементті таңдағанда қаламның бүйріндегі түймешікті басыңыз. Сандық қалам қысым сезімталдығын қолданады, сондықтан экранда жазғанда қаттырақ басып, қара әріптермен жазуға болады. Қолданба немесе бағдарламаға байланысты, қысым сезімталдығының қолдауы болмауы мүмкін және қосылмауы мүмкін.
5 HP Unified Write Filter (UWF) ажырату және қосу UWF физикалық сақтау тасығышын рұқсатсыз жазу әрекеттерінен қорғайды. Басқару тақтасына өзгерістер енгізбес бұрын, UWF ажырату керек. Өзгерістерді енгізгеннен кейін, компьютерді қорғау үшін UWF қайта қосу қажет. Мына кестеде UWF ажыратудың және қосудың екі әдісі сипатталған. 1-әдіс 2-әдіс 1. Хабарландыру аймағындағы UWF күйі белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз және қажетті күйді таңдаңыз. 1.
6 Мультимедиа Планшетте келесі нәрселер болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб-камера(лар) ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио HP планшетінде музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
1. Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Параметрлер түртіп, Басқару тақтасы түртіңіз. 2. Дыбыс түртіңіз. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойыншасын түртіңіз. Программные события (Бағдарламалар оқиғалары) қызметі арқылы сигнал немесе ескерту дыбысы сияқты кез келген дыбысты таңдаңыз және Проверка (Сынау) түймешігін басыңыз. Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
7 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің қуат түймешігі болады. Планшеттің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, планшетті өшіреді. Планшет ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса және сыртқы қуат көзінен ажыратылса, өшіріп қойыңыз. Планшетті қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows өшіру пәрменін қолдану ұсынылады.
Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз. Планшет ұйқы күйінен шыққанда, ол жұмыс тоқтатылған экранға оралады. ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде құпия сөз талап етілсе, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Қуат өлшегіші және қуат параметрлерін пайдалану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Қосымша ақпаратты Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану (31-бет) бөлімінен қараңыз. Зауытта пломбаланған батарея Батареяны тексеру құралы ішкі ұяшық дұрыс зарядталмаған кезде немесе батареяның сақтау сыйымдылығы әлсіз күйіне жеткен кезде батареяны ауыстыру қажеттілігін хабарлайды.
● Windows жұмыс үстелінде, хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіштің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейін көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегіші және қуат параметрлерін пайдалану (29-бет) бөлімін қараңыз. Қосылған немесе күту күйіндегі планшет қысқа уақытқа ұйқы күйіне еніп, одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
● Батарея зарядталып тұрса. ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде. ● Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде. Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар орын алады: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Планшет қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіш белгішесінің түрі өзгереді. Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: 32 ● Планшет батарея қуатына көшеді.
8 Қауіпсіздік Планшетті қорғау Windows амалдық жүйесі және Computer Setup арқылы берілген стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жеке параметрлеріңізді және деректерді әртүрлі қауіптерден қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Планшетті қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпия файлдардың сақтық көшірмелерін жасап, файлдарды және құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
● HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен қолданбалар үшін жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды қауіпсіз оқуыңызға болады. ● Құпия сөздерді планшеттегі файлда сақтамаңыз. Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows және BIOS әкімшілік құпия сөздерінің тізімі және олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Планшетті қауіпсіздік бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз. Жаңартуларды автоматты түрде орнатуды таңдауға болады. Параметрлерді өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз. 1. Бастау экранында сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипап, Параметрлер түртіңіз. 2.
9 Күтім Планшетті тазалау Тазалау өнімдері Планшетті қауіпсіз түрде тазалау және дезинфекциялау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензиль амоний хлоридінің ең көп дегенде 0,3 пайыз концентрациясын (Мысалы: бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш сүркіштер. Бұл сүрткілердің бренд атаулары әртүрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің жапқышын тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
10 HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК құралын диагностикалау) қызметін пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал планшеттің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар: 1-ші жолы: HP PC диагностикалар негізгі беті — UEFI ең соңғы нұсқасын ұсынады 1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. 2. UEFI Download (UEFI жүктеп алу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) түймешігін таңдаңыз.
11 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Егер осы пайдаланушы нұсқаулығында берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады. АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/go/ contactHP. Әлем бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
12 Техникалық сипаттамалар Тұтынылатын қуат Егер сіз планшетті халықаралық сапарға алып шығуды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Планшет айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзінде 100–240 В, 50–60 Гц параметрлері болуы тиіс. Планшет бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
а Планшетті сапарға алып шығу Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Планшетке, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін азайту үшін, дискімен бірге жіберу, сақтау немесе сапарға шығу алдында, медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
ә Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
б Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А автоайналуды құлыптау мүмкіндігі 10 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6 аудио функциялары, тексеру 26 аудио функцияларын тексеру 26 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 6 ауыстырып қосу, авто-айналдыру, анықтау 6 В веб камера 27 веб-камера 4 Ә әкімші құпия сөзі Ж жабдық ақпаратты табу 11 жад карталарды оқу құралы, анықтау 5 жад картасы/SIM ұяшығы, анықтау 5 жазу сүзгісі 25 жазылатын медиа 28 жалғау ұясы, анықтау 7 жапсырмалар, сериялық нөмір 8 жарықтық, реттелуде 9 жауапсыз жүйе 28 желіаралық
Ө өнім аты және нөмірі, планшет 8 өте төмен батарея деңгейі 28 П пайдалану қуатты үнемдеу күйлері 28 сыртқы айнымалы ток қуаты 31 пайдаланушының құпия сөзі 34 параметрлер қуат параметрлері 28 оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау 29 параметрлері, планшеттің өзгерту 9 пернелер, дыбыс деңгейі 26 пернетақта, экрандағы 22 планшет, сапарға щығу 43 планшетті күту 36 планшетті қорғау 33 планшетті өшіру 28 планшетті сапарға алып шығу 43 планшетті тазалау 36 С сандық қалам, пайдалану 23 саусақты сол жақ жиектен