HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide

Кептелістерді жою үшін автожылжу
Автожылжу мүмкіндігі басқару панелінде қадамдық нұсқауларды беріп, кептелістерді жоюға көмектеседі.
Қадамды аяқтағанда, принтер процедурадағы барлық қадамдарды аяқтағанша келесі қадамды көрсетеді.
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Бұл принтер үшін HP техникалық сипаттамаларына сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Науа принтерге толық салынғанын тексеріңіз.
7. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
8. Принтердің басқару панеліндегі Trays (Науалар) мәзірін ашыңыз. Науаның қағаз түріне және
өлшеміне дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
9. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
1-науадағы кептелген қағаздарды тазалау
1-науада кептелген қағаздарды тазалау үшін келесі процедураны пайдаланыңыз. Кептеліс орын алғанда
басқару тақтасында кептелісті жоюға көмектесетін анимация көрсетіледі.
1. Егер кептелген қағаздың шеті науада көрініп
тұрса, оны ақырындап төменге қарай тартып
принтерден шығарыңыз. Толық парақтың
алынғанын тексеріңіз. Ол жыртылып кетсе,
қалдықтарды табу үшін келесі қадамдарды
орындауды жалғастырыңыз.
Егер кептелген қағаздың көп бөлігі принтердің
ішіне тартылса, келесі қадамдарды орындаңыз.
2. Принтердің сол жағында жоғарғы қақпақты
босату түймесін басыңыз.
KKWW Кептелген қағаздарды шығару 91