HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
4. Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
●
600 dpi опциясын таңдаңыз.
●
Оны қосу үшін EconoMode құсбелгісін қойыңыз.
Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
●
FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.
●
Оны өшіру үшін EconoMode құсбелгісін алыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз және басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мәттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім немесе
өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
HP веб-торабынан төмендегі драйверлердің кез келгенін жүктеп алыңыз: www.hp.com/support/ljM506.
HP PCL.6 драйвері
HP PCL 6 драйвері
HP PCL-6 драйвері
●
Принтердің ықшам дискісіндегі әдепкі драйвер ретінде берілген. Басқа бір
драйвер таңдамасаңыз, осы драйвер автоматты түрде орнатылады.
●
Барлық Windows орталары үшін ұсынылады
●
Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен принтер
мүмкіндігін қолдауды қамтамасыз етеді
●
Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үшін Windows Graphic Device
Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп әзірленген
●
PCL 5 драйверіне негізделген үшінші тарап және бейімделген бағдарламалық
құралдарымен толық үйлеспеуі мүмкін
HP UPD PS драйвері
●
Adobe
®
бағдарламалық құралдарымен немесе басқа графикалық жадты көп
тұтынатын бағдарламалық құралдармен басып шығару үшін ұсынылады
●
Postscript эмуляция қажеттіліктерін қолдауды немесе postscript флэш қаріптерін
қолдауды қамтамасыз етеді
KKWW Баспа сапасын жақсарту 109