HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
1-науаға (көп мақсатты науа) қағаз салу
Кіріспе
Төмендегі ақпарат қағазды 1-науаға салу жолын сипаттайды.Бұл науада 75 г/м
2
қағаздың 100 парағына
дейін қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығарудан бұрын баспа драйверінен дұрыс қағаз түрін таңдаңыз..
ЕСКЕРТУ: Кептелуге жол бермеу үшін басып шығару кезінде ешқашан 1-науаға қағаз қоспаңыз немесе
алмаңыз.
1. 1-науаның кез келген жағындағы тұтқадан
ұстап, оны өзіңізге тартып ашыңыз.
2. Қағазды қолдау үшін науа ұзартқышын
тартыңыз.
3. Қағаз бағыттауыштарын дұрыс өлшемге
ашыңыз және одан кейін науаға қағаз салыңыз.
Қағазды бағыттау жолдары туралы ақпаратты
1-науаның қағаз бағыты (19-бет) бөлімінен
қараңыз.
Қағаздың қағаз бағыттауыштардағы толтыру
сызығына шақ келетінін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: жинақтың ең үлкен биіктігі — 10 мм
немесе шамамен 75 г қағаздың 100 парағы.
4. Бүйір бағыттауыштарының қағазды
майыстырмай, сәл тиіп тұруы үшін оларды
реттеп алыңыз.
18 2-тарау Қағаз науалары KKWW