HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide

7. Принтердің басқару тақтасында науаны
конфигурациялау туралы хабар көрсетіледі.
8. Егер көрсетілген қағаздың өлшемі мен түрі
дұрыс болмаса, Modify (Өзгерту) опциясын
таңдап, басқа қағаз өлшемін немесе түрін
таңдаңыз.
Принтердің басқару тақтасында ескерту
көрсетілгенде, өзгертпелі өлшемді қағаз үшін X
және Y өлшемдерін көрсетіңіз.
X
Y
2-
науа және 550 парақтық науалар қағаз бағыты
Егер арнайы бағытты қажет ететін қағазды пайдалансаңыз, оны келесі кестедегі ақпаратқа сәйкес
салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Alternative Letterhead Mode (Балама бланк режимі) параметрлері бланкіні немесе алдын ала
басып шығарылған қағазды салу жолына әсер етеді. Бұл параметр әдепкі жағдайда ажыратулы болады.
Бұл режимде пайдаланғанда, қағазды автоматты дуплекстік баспадағыдай салыңыз. Қосымша ақпаратты
Балама бланк режимін пайдалану (22-бет) бөлімінен қараңыз.
Қағаз түрі Бір жақты баспа Екі жақты басып шығару және балама бланк
режимі
Бланк, алдын ала басылған немесе алдын ала
тесілген
Төмен қаратып
Жоғарғы жиегі науаның алдына қарайды
123
Жоғары қаратып
Астыңғы жиегі науаның алдына қарайды
123
Балама бланк режимін пайдалану
Қағаз парағының бір жағына немесе екі жағына да басып шығарып немесе көшіріп жатсаңыз, барлық
баспа тапсырмалары үшін бланк немесе алдын ала басып шығарылған қағазды науаға бірдей салу үшін,
Alternative Letterhead Mode (Балама бланк режимі) мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бұл режимде
пайдаланғанда, қағазды автоматты дуплекстік баспадағыдай салыңыз.
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін принтердің басқару тақтасының мәзірлерін пайдаланып оны қосыңыз.
22 2-тарау Қағаз науалары KKWW