HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide

Конверттерді салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат конверттерді салу және басып шығару жолын сипаттайды. Конверттерге басып шығару
үшін 1-науаны ғана пайдаланыңыз. 1-науаға 10 конвертке дейін сыяды
Қолмен беру опциясын қолданып конверттерді басып шығару үшін, принтер драйверіндегі дұрыс
параметрлерді таңдау мақсатында осы қадамдарды орындаңыз және одан кейін баспа тапсырмасын
принтерге жібергеннен кейін науаға конверттерді жүктеңіз.
Конверттерді басып шығару
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Қағаз/Сапа қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінде конверттер үшін дұрыс өлшемді таңдаңыз.
5. Қағаз түрі ашылмалы тізімінде Конверт параметрін таңдаңыз.
6. Қағаз көзі ашылмалы тізімінде Қолмен беру параметрін таңдаңыз.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
Конверт бағыты
Конверттерді 1-науаға бетін жоғары қаратып, қысқа, пошталық
ұшын принтерге қаратып салыңыз.
24 2-тарау Қағаз науалары KKWW