HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
Басып шығару тапсырмалары (Windows)
Басып шығару әдісі (Windows)
Келесі процедурада Windows үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді принтерлер тізімінен таңдаңыз. Параметрлерді өзгерту мақсатында принтер драйверін ашу
үшін Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 не 8.1 нұсқасының «Бастау» экранынан кіру үшін
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін баспа драйверіндегі Анықтама (?) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Баспа драйвердің сырт көрінісі осы құжатта көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін, бірақ
қадамдары бірдей.
3. Қолдануға болатын опцияларды реттеу үшін баспа драйверіндегі қойындыларды басыңыз немесе
түртіңіз. Мысалы, қағаз бағдарын Аяқтау қойындысында орнатыңыз, ал қағаз көзін, қағаз түрін, қағаз
өлшемін және сапа параметрлерін Қағаз/Cапа қойындысында орнатыңыз.
34 4-тарау Басып шығару KKWW