HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Windows жүйесі)
Бұл процедураны автоматты дуплексер орнатылған принтерлерде пайдаланыңыз. Принтерде автоматты
дуплексер орнатылмаған болса немесе дуплексер қолдамайтын қағаз түрлеріне басып шығару үшін екі
жақта қолмен басып шығаруға болады.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 не 8.1 нұсқасының «Бастау» экранынан кіру үшін
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Finishing (Аяқтау) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Print on both side sides (Екі жаққа да басу) құсбелгісін қойыңыз. Document Properties (Құжат
сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Windows)
Бұл процедураны автоматты дуплексер орнатылмаған принтерлерде немесе дуплексер қолдамайтын
қағазға басып шығару үшін пайдаланыңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 не 8.1 нұсқасының «Бастау» экранынан кіру үшін
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Finishing (Аяқтау) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Print On Both Sides (manually) (Екі жаққа да Басу (қолмен)) құсбелгісін қойыңыз. Тапсырманың бірінші
жағын басып шығару үшін OK түймешігін басыңыз.
5. Шығыс себеттен басылған дестені шығарыңыз және 1-науаға салыңыз.
6. Ұсынылса, басқару тақтасындағы тиісті түймешікті басып жалғастырыңыз.
36 4-тарау Басып шығару KKWW