HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide

Кейінірек немесе жасырын басып шығару үшін принтерде басып
шығару тапсырмаларын сақтау
Кіріспе
Төмендегі ақпаратта принтерде сақталған құжаттарды жасау және басып шығару процедуралары
берілген. Бұл жұмыстарды кейін басып шығаруға немесе құпия басып шығаруға болады.
Сақталған тапсырма жасау (Windows)
Сақталған тапсырманы жасау (OS X)
Сақталған тапсырманы басып шығару
Сақталған тапсырманы жою
Сақталған тапсырма жасау (Windows)
Жеке немесе кейінге қалдырылған басып шығару үшін тапсырмаларды принтерде сақтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Баспа драйвердің сырт көрінісі осы құжатта көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін, бірақ
қадамдар бірдей.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді принтерлер тізімінен таңдап алып, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер)
(атауы әртүрлі бағдарламаларда әртүрлі болады) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Devices (Құрылғылар) бөлімін таңдап, Print (Басып шығару) тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді
таңдаңыз.
42 4-тарау Басып шығару KKWW