HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
6. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
7. Тапсырманы басып шығару әдісі туралы ақпарат алу үшін «Сақталған тапсырманы басып шығару»
тақырыбын қараңыз.
Сақталған тапсырманы жасау (OS X)
Жеке немесе кейінге қалдырылған басып шығару үшін тапсырмаларды принтерде сақтаңыз.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз,содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен принтерді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) мәзірін көрсетеді. Мәзірлер
ашылмалы тізімін ашып,Job Storage (Тапсырманы сақтау) мәзірін нұқыңыз.
4. Mode (Режим) ашылмалы тізімінен сақталған тапсырманың түрін таңдаңыз.
●
Proof and Hold (Растау және ұстау): тапсырманың бір көшірмесін басып шығарып,тексеріңіз
де,қосымша көшірмелерді басып шығарыңыз.
●
Personal Job (Жеке тапсырма): Тапсырма оны принтердің басқару панелінде сұрағанша дейін
басып шығарылмайды. Егер тапсырманың жеке идентификациялық нөмірі (PIN) болса, басқару
панелінде қажетті PIN кодын енгізуіңіз керек. Басып шығару тапсырмасы басып шығарылғаннан
кейін жадтан жойылады және принтердің қуаты сөнген жағдайда жойылады.
●
Quick Copy (Жылдам көшірме): Тапсырманың сұралған көшірмелер санын басып шығарып,
кейінірек қайта басып шығару үшін тапсырма көшірмесін принтердің жадына сақтаңыз.
●
Stored Job (Сақталған тапсырма): Тапсырманы принтерде сақтап, басқаларға тапсырманы кез
келген уақытта басып шығаруға мүмкіндік беріңіз. Егер тапсырманың жеке идентификациялық
нөмірі (PIN) болса, тапсырманы басып шығаратын адам басқару панелінде қажетті PIN кодын
енгізуі керек.
5. Өзгертілмелі пайдаланушы атын немесе тапсырма атын пайдалану үшін,Custom (Өзгертілмелі)
түймешігін басып,пайдаланушы атын немесе тапсырма атын енгізіңіз.
Егер басқа сақталған тапсырмада сондай ат болса,қандай опция пайдаланылатынын таңдаңыз.
●
Use Job Name + (1-99) (Тапсырма атын + (1-99) пайдалану): тапсырма атының соңына бірегей
сан қосыңыз.
●
Replace Existing File (Бар файлды алмастыру): бар сақтаулы тапсырманы жаңасымен
алмастырыңыз.
6. Егер 3-қадамда Stored Job (Сақталған тапсырма) немесе Personal Job (Жеке тапсырма) параметрін
таңдаған болсаңыз, тапсырманы PIN кодымен қорғауға болады. 4 сандық нөмірді Use PIN to Print
(Басып шығару үшін PIN кодын пайдалану) жолағына енгізіңіз. Басқа адамдар осы тапсырманы басып
шығарғысы келгенде принтер осы PIN нөмірін енгізуге кеңес береді.
7. Тапсырманы өңдеу үшін Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
Сақталған тапсырманы басып шығару
Принтердің жадында сақталған тапсырманы басып шығару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
44 4-тарау Басып шығару KKWW