HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide

1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі түймесін түртіңіз.
2. Retrieve from Device Memory (Құрылғы жадынан алу) опциясын таңдаңыз.
3. Тапсырма сақталған қалтаның атауын таңдаңыз.
4. Тапсырманың атауын таңдаңыз. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса,PIN кодын немесе
құпия сөзді енгізіңіз.
5. Көшірмелер санын реттеңіз де,тапсырманы басып шығару үшін «Бастау» түймешігін түртіңіз немесе
OK түймешігін басыңыз.
Сақталған тапсырманы жою
Сақталған тапсырманы принтердің жадына жібергенде, принтер сондай пайдаланушы аты және тапсырма
атауы көрсетілген бұрынғы кез келген тапсырманы ауыстырады. Егер тапсырма сондай пайдаланушы аты
және тапсырма атаумен сақталып қойған болмаса және принтер қосымша орынды қажет етсе, принтер
басқа тапсырмалардың бірін ең ескісінен бастап жоюы мүмкін. Принтердің сақтай алатын тапсырмалар
санын принтердің басқару панеліндегі General Settings (Жалпы параметрлер) мәзірінен өзгертуге болады.
Принтердің жадында сақталған тапсырманы жою шығару үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі түймесін түртіңіз.
2. Retrieve from Device Memory (Құрылғы жадынан алу) опциясын таңдаңыз.
3. Тапсырма сақталатын қалтаның атауын таңдаңыз.
4. Тапсырма атауын таңдаңыз да,Delete (Жою) түймешігін түртіңіз.
5. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса,PIN кодын немесе құпия сөзді енгізіңіз де,Deleteою)
түймесін түртіңіз.
KKWW Кейінірек немесе жасырын басып шығару үшін принтерде басып шығару тапсырмаларын сақтау 45