HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін мобильді және электрондық басып шығару (ePrint)
шешімдерін ұсынады. Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/
LaserJetMobilePrinting сайтына өтіңіз.
●
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
●
HP ePrint бағдарламалық құралы
●
AirPrint
●
Android ендірілген басып шығаруы
●
Wi-Fi Direct және NFC арқылы басып шығару
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті қолдану үшін принтердің ішкі бағдарламасын жаңарту қажет болуы мүмкін.
HP ePrint функциясын қолдану үшін принтер мына талаптарға сай болуы керек:
●
Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
●
Принтердегі HP Web Services қызметі қосылып тұруы керек және принтер HP Connected немесе HP
ePrint Center қызметіне тіркелген болуы керек.
HP Web Services қызметін қосу және HP Connected немесе HP ePrint Center арқылы тіркеу үшін, мына
процедураны орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
?
1 2 3
4 5 6
7 8 9
0
C
OK
1 2
1 4 жолды басқару панелі
2 Сенсорлы басқару панелі
46 4-тарау Басып шығару KKWW