HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide

USB портынан басып шығару
Кіріспе
Бұл принтерде оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерден жібермей жылдам басып шығаруға болады. Принтер басқару панелінің қасындағы USB
портына стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Ол келесі файл түрлерін қолдайды:
.pdf
.prn
.pcl
.ps
.cht
USB портын басып шығару үшін қосу
USB порты әдепкіде өшірулі болады. Мүмкіндікті пайдаланудың алдында USB портын қосыңыз. Портты
қосу үшін, келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз:
Бірінші әдіс: USB портын өнімнің басқару панеліндегі мәзірлер арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
?
1 2 3
4 5 6
7 8 9
0
C
OK
1 2
1 4 жолды басқару панелі
2 Сенсорлы басқару панелі
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экрандағы түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басқару
General Settings (Жалпы параметрлер)
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Enabled (Қосылған) опциясын таңдап, Save (Сақтау) түймесін түртіңіз немесе OK түймесін басыңыз.
50 4-тарау Басып шығару KKWW