HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide

HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысы
Принтердің HP веб қызметтерінің параметрлерін реттеу және қосу үшін, НР Web Services (НР веб-
қызметтер) қойындысын пайдаланыңыз. HP ePrint мүмкіндігін пайдалану үшін, HP веб қызметтерін қосу
керек.
Кесте 5-6 HP ендірілген веб-серверінің HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысы
Мәзір Сипаттама
Веб-қызметтер параметрлері Бұл принтерді HP Web Services қызметтерін қосу арқылы Интернеттегі HP Connected
қызметіне қосыңыз.
Веб-прокси Егер HP веб-қызметтерін қосуға немесе принтерді интернетке қосуға қатысты
мәселелер пайда болса, прокси-серверді конфигурациялаңыз.
HP-ePrint ақауларын жөндеу HP ePrint қызметтеріне қосылуға қатысты проблемаларды шешуге арналған
мүмкіндіктерді қосыңыз.
Желіге қосылу қойындысы
Принтер IP негіздегі желіге қосылған болғанда, құрал үшін желі параметрлерін теңшеу және
қауіпсіздендіру мақсатында Networkingелі) қойындысын қолданыңыз. Бұл қойынды принтер басқа желі
түрлеріне қосылғанда көрсетілмейді.
Кесте
5-7 HP ендірілген веб-серверінің Networking (Желіге қосылу) қойындысы
Мәзір Сипаттама
Wireless Direct параметрлері Wi-Fi Direct және NFC арқылы басып шығару мүмкіндігі ендірілген немесе сымсыз
қосалқы құралдары орнатылған принтерлерге арналған Wi-Fi Direct параметрлерін
конфигурациялаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қол жетімді конфигурация опциялары баспа серверінің моделіне
байланысты болады.
TCP/IP параметрлері IPv4 және IPv6 желілері үшін TCP/IP параметрлерін реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Қол жетімді конфигурация опциялары баспа серверінің моделіне
байланысты болады.
Желі параметрлері Баспа серверінің моделіне байланысты IPX/SPX, AppleTalk, DLC/LLC және SNMP
параметрлерін реттеу.
Басқа параметрлер Баспа серверінде қолданылатын жалпы басып шығару протоколдары мен
қызметтерін реттеңіз. Қол жетімді параметрлер баспа серверінің моделіне
байланысты, бірақ аппараттық құрал жаңартуын, LPD кезектерін, USB параметрлерін,
қолдау көрсету туралы ақпаратты және жаңарту мөлшерін қамтуы мүмкін.
AirPrint Apple принтерлерімен желілік басып шығаруды қосыңыз, орнатыңыз немесе өшіріңіз.
Тіл таңдау HP ендірілген веб-серверінде көрсетілетін тілді өзгертіңіз. Веб-беттер бірнеше тілге
қолдау көрсетсе, осы бет шығады. Таңдаулы түрде шолғышта тіл параметрлері
арқылы қолдау көрсетілетін тілдерді таңдаңыз.
Settings (Параметрлер) Ағымдағы қауіпсіздік параметрлерін көру және зауыттық әдепкі мәндерін қалпына
келтіру.
Қауіпсіздік конфигурациясы шебері арқылы қауіпсіздік параметрлерін реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Web Jetadmin сияқты желі басқару қолданбалары арқылы қауіпсіздік
параметрлерін реттеу үшін қауіпсіздік конфигурациясы шеберін пайдаланбаңыз.
KKWW HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша конфигурациялау 59