HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide

OS X жүйесіне арналған HP утилитасымен күрделі параметрлерді
реттеу
Принтер күйін тексеру немесе компьютерден принтердің параметрлерін көру немесе өзгерту үшін,
HP утилитасын пайдаланыңыз.
HP утилитасын принтер USB кабелімен жалғанғанда немесе TCP/IP негізіндегі желіге қосылғанда
пайдаланыңыз.
HP утилитасын ашыңыз
1. Компьютерде System Preferences (Жүйе теңшелімдері) мәзірін ашып, Print & Fax (Басып шығару және
факс), Print & Scan (Басып шығару және сканерлеу) немесе Printers & Scanners (Принтерлер және
сканерлер) тармағын басыңыз.
2. Тізімнен принтерді таңдаңыз.
3. Options & Supplies (Опциялар мен жабдықтар) түймешігін басыңыз.
4. Utility (Утилита) қойындысын басыңыз.
5. Open Printer Utility (Принтер утилитасын ашу) түймешігін басыңыз.
HP утилитасының функциялары
HP утилитасының құралдар тақтасында мыналар бар:
Құрылғылар: HP утилитасы тапқан Mac өнімдерін көрсету немесе жасыру үшін осы түймені басыңыз.
Барлық параметрлер: HP утилитасының негізгі көрінісіне оралу үшін осы түймені басыңыз.
HP қолдауы: шолғышты ашу және HP қолдау веб-торабына өту үшін осы түймені басыңыз.
Жабдықтар: HP SureSupply веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
Тіркеу: HP тіркеу веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
Өңдеу: HP Planet Partners өңдеу бағдарламасының веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
HP утилитасы All Settingsарлық параметрлер) тізімінен таңдау арқылы ашылатын беттерден тұрады.
Төмендегі кестеде НР утилитасымен қолдануға болатын тапсырмалар сипатталады.
Нөмірі Сипаттама
Жабдықтар күйі Принтер жабдықтарының күйін көрсетіп, жабдықтарға желіде тапсырыс беру сілтемелерін
қамтамасыз етеді.
Құрылғы туралы ақпарат Ағымдағы таңдалған принтер туралы ақпаратты көрсетеді.
Файлды жүктеу Файлдарды компьютерден принтерге жібереді.
Қаріптерді жүктеу Қаріп файлдарын компьютерден принтерге жібереді.
HP Connected HP Connected веб-торабына кіреді.
Енгізілген бағдарламалық құралды
жаңарту
Принтерге микробағдарламаны жаңарту файлын жібереді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл опция тек View (Көрініс) мәзірін ашып, Show Advanced Optionsеңейтілген
опцияларды көрсету) элементін таңдағаннан кейін қолжетімді болады.
62 5-тарау Принтерді басқару KKWW