HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Кіріспе
Принтерде конфигурация параметрлеріне кіруге құқылы пайдаланушыларды шектейтін, деректерді
қорғайтын және маңызды аппараттық құралдар компоненттеріне қол жеткізудің алдын алатын бірнеше
қауіпсіздік мүмкіндігі бар.
●
Қауіпсіздік мәлімделері
●
Әкімші құпия сөзін тағайындау
●
IP қауіпсіздігі
●
Пішімдеушіні құрсаулау
●
Шифрлау қолдауы: HP өнімділігі жоғары қауіпсіз қатты дискілері
Қауіпсіздік мәлімделері
Принтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға және принтерді
бақылау мен оған қызмет көрсету тәсілін жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттар және
ұсынылған протоколдар қолданылады.
Әкімші құпия сөзін тағайындау
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар принтер параметрлерін өзгерте алмауы үшін, принтерге және HP ендірілген
веб-серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
?
1 2 3
4 5 6
7 8 9
0
C
OK
1 2
1 4 жолды басқару панелі
2 Сенсорлы басқару панелі
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. 4 жолды басқару тақталары: IP мекенжайын көру үшін, басқару тақтасының дисплейін қараңыз.
Сенсорлы басқару панельдері: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің
басқару панеліндегі негізгі экраннан Желі түймесін түртіңіз.
68 5-тарау Принтерді басқару KKWW