HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Қағазды желдету статикалық қуатты қажет етеді. Қағазды желдетудің орнына, қағаздар
жинағының екі шетін ұстап, U түрінде майыстырыңыз. Одан кейін U пішінін қайтару үшін шеттерін
төмен айналдырыңыз. Енді қағаз бумасының екі жағын ұстап, осы процесті қайталаңыз. Бұл процесс
статикалық қуатты пайдаланбай-ақ парақтарды босатады. Қағаз жинағын науаға қайта салмас
бұрын, оны үстел үстінде түзетіп алыңыз.
Cурет 6-5 Қағаз жинағын майыстыру әдісі
1
2
2. Бұл принтер үшін HP техникалық сипаттамаларына сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Бөлмедегі ылғалдылық осы принтердің техникалық талаптарына сай екенін және қағаз жабық
орамда сақталғанын тексеріңіз. Қағаздарды құрғақ күйде сақтау үшін, көптеген қағаз бумалары
ылғалға төзімді орамда сатылады.
Ылғалдылығы жоғары ортада буманың бетіндегі қағаз ылғалды сорып, толқындаған немесе қисық
түрде болуы мүмкін. Егер осылай болса, қағаз бумасының бетіндегі 5-10 парақты алып тастаңыз.
Ылғалдылығы төмен ортада шамадан тыс статикалық қуатқа байланысты парақтардың бір-біріне
жабысып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда қағазды науадан алып, қағаздар жинағын жоғарыда
көрсетілгендей майыстырыңыз.
4. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
KKWW Принтер қағазды алмайды немесе қате алады 87