HP LaserJet Enterprise M506 - User's Guide
5. Науа ішіндегі қағаздар жинағының биіктігіне арналған белгілерді тексере отырып, науа шамадан тыс
толтырылмағанына көз жеткізіңіз. Егер науа шамадан тыс толған болса, науадан қағаздар жинағын
шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
Келесі суреттерде әр түрлі принтерлер науаларындағы қағаздар жинағының биіктігіне арналған
белгілердің үлгілері берілген. HP принтерлерінің көбінде осыған ұқсас белгілер бар. Сонымен қатар,
барлық қағаз парақтары жинақ биіктігіне арналған белгілердің жанындағы бекіткіштерден төмен
екенін тексеріңіз. Бұл бекіткіштер қағаз принтерге кіретін кезде дұрыс орналасуына көмектеседі.
Cурет 6-6 Қағаздар жинағының биіктігіне арналған белгілер
Cурет 6-7 Қағаздар жинағына арналған бекіткіш
88 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW