HP Laptop Help Guide

ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұлүш шифрлау
протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай
шешуге болады.
WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне
шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2
протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр
компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды. Бұны орындау үшін
WPA протоколы AES (Advanced Encryption Standard) стандартын жəне TKIP (Temporal
Key Integrity Protocol) протоколын пайдаланады.
WPA2 протоколы жаңа AES протоколы болатын CCMP (Cipher Block Chaining Message
Authentication Code Protocol)
протоколын пайдаланады.
WEP протоколы тасымалдамас бұрын деректерді WEP кілтімен шифрлайды. Дұрыс кілтсіз
басқа адамдар WLAN желісін қолдана алмайды.
Басқа желіге роуминг
Компьютерді басқа WLAN желісінің ауқымынан жылжытсаңыз, Windows сол желіге қосылуға
əрекет жасайды. Əрекет сəтті болса, компьютер автоматты түрде жаңа желіге қосылады. Егер
Windows жаңа желіні танымаса, WLAN желісіне қосылу үшін бастапқы жасаған іс реттерін
орындаңыз.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN
арқылы Интернетке көбірек орындардан жəне үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді.
HP Mobile Broadband байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып
табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет
етеді.
Мобильді желілер провайдер қызметімен бірге қолдану кезінде НР Мобильді кең жолақты
модулі саяхат жасау барысында немесе Wi-Fi
таратқыштарының қамту аясының сыртында
болу кезінде Интернетке қосылу, электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу немесе
корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді.
ЕСКЕРІМ: Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді
байланыстың кең жолақты желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сервистік
жапсырманың орналасқан жерін Алғашқы жұмыс нұсқаулығынан қараңыз.
Кейбір ұялы байланыс операторлары абонентті анықтау модулін (SIM) пайдалануды талап
етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат
сияқты пайдаланушы немесе компьютер туралы жалпы ақпарат қамтылады. Кейбір
компьютерлерде SIM картасы алдын ала орнатылып келеді. Егер SIM картасы алдын ала
орнатылмаған болса, карта компьютермен бірге берілетін НР мобильді кең жолақты модулі
туралы ақпаратпен бірге жеткізіледі
немесе оны мобильді желілер қызметінің провайдері беруі
мүмкін.
SIM картасын енгізу жəне шығару туралы ақпаратты
SIM картасын салу 10-бетте жəне SIM
картасын алып тастау 10-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)9