HP Laptop Help Guide

5. Егер компьютерде пайдаланушымен ауыстырылатын батарея бар болса, батареяны
шығарыңыз.
6. SIM картасын басып, картаны ұясынан шығарып алыңыз.
7. Батареяны орнына салыңыз.
8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS
спутниктері орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен
жабдықталған жүйелерге жібереді.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз
етеді.
Компьютерлер
Телефондар
Сурет түсіретін құрылғылар (камералар мен принтерлер)
Аудио құрылғылар
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының Help (Анықтама)
бөлімінен қараңыз.
Bluetooth жəне интернетке қосылуды ортақ пайдалану (ICS)
НР компаниясы Bluetooth мүмкіндігі бар бір компьютерді басты компьютер ретінде орнатып,
оны басқа компьютерлер Интернетке қосылатын шлюз ретінде пайдаланбауды ұсынады. Екі
немесе одан да көп компьютер Bluetooth арқылы қосылған кезде жəне компьютерлердің
біреуінде Интернетке қосылуды ортақ пайдалану мүмкіндігі қосылған кезде басқа
компьютерлер Интернетке Bluetooth желісі арқылы қосыла алмауы мүмкін.
Bluetooth арқылы компьютер мен сымсыз құрылғылардың (соның
ішінде ұялы телефондар,
принтерлер, камералар жəне қалта компьютерлері) арасындағы ақпарат тасымалданады жəне
қадамдастырылады, бұл оның оң жағы болып саналады. Екі немесе одан да көп компьютер
Bluetooth арқылы Интернетті ортақ пайдалану кезінде үздіксіз қосыла алмайды; бұл Bluetooth
жəне Windows амалдық жүйесінің шектеуі болып табылады.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)11