HP Laptop Help Guide
Сымды желіге қосылу
Модемді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Модем 6 істікшелі RJ-11 модем кабелі (бөлек сатылады) арқылы аналогтық телефон желісіне
қосылуы керек. Кейбір елдер мен аймақтарда арнайы модем кабелінің адаптері де қажет болуы
мүмкін. Сандық PBX жүйелерінің ұялары аналогтық телефон ұяларына ұқсас болуы мүмкін,
алайда, олар модеммен үйлеспейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру
қатерінен аулақ болу үшін, модем немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Егер желі кабелінде ТД жəне радио толқындарының бөгеуілдерін болдырмайтын құрал (1) бар
болса, кабельдің (2) бұл құрал орналасқан ұшын компьютерге қарай орналастырыңыз.
Модем кабелін қосу
1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз.
2. Модем кабелін RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа
(суретте көрсетілмеген) жалғаңыз.
12 Бап 2 Желі орнату (тек таңдаулы үлгілерде)