HP Laptop Help Guide

Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу
Телефон ұялары елге/аймаққа байланысты əр түрлі болады. Модемді немесе модем кабелін
компьютерді сатып алған елден/аймақтан тыс жерде пайдалану үшін сол елдің/аймақтың
арнайы модем кабелінің адаптерін сатып алу керек.
Модемді RJ-11 телефон ұясы жоқ аналогтық телефон желісіне қосу үшін, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз.
2. Кабельдің
екінші ұшын модем кабелінің адаптеріне қосыңыз (2).
3. Модем кабелінің адаптерін (3) қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
Орын параметрлерін таңдау
Ағымдағы орын таңдауын қарап шығу
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Часы, язык и регион (Сағат, тіл жəне аймақ) параметрін таңдаңыз.
3. Регион и язык (Аймақ жəне тіл) параметрін таңдаңыз.
4. Орынды көрсету үшін, Местоположение (Орын) қойыншасын нұқыңыз.
Сымды желіге қосылу 13