HP Laptop Help Guide

ЕСКЕРІМ: Бұрын аталған процедураны еліңіз немесе аймағыздағы, сондай-ақ басқа
елдер немесе аймақтардағы орналасу орындарына арналған параметрлерді қосу үшін
пайдалануға болады. Мысалы, Рабочий (Жұмыс) атты параметрді қосуға болады, бұл
параметр сыртқы желіге қоңырау шалуға арналған нөмірді теру ережелерін де қамтиды.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
Сымды желіге қосылу үшін, 8 істікшелі RJ-45 желі кабелі (бөлек сатылады) қажет. Желі
кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (1) бар
болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын (2) компьютерге қарай бағыттаңыз.
Желілік кабельді жалғау үшін
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын қабырғалық желі ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа
(суретте көрсетілмеген) жалғаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру
қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына
жалғамаңыз.
Сымды желіге қосылу 15