HP Laptop Help Guide
5 Сыртқы карталар жəне құрылғылар
Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын
пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған
камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық карта пішімдерін анықтау үшін, Алғашқы жұмыс
нұсқаулығынан қараңыз.
Сандық картаны енгізу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны медиа картаны оқу құрылғысына салып, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естисіз жəне параметрлердің мəзірі көрінуі мүмкін.
36 Бап 5 Сыртқы карталар жəне құрылғылар