HP Laptop Help Guide
Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
батарея көрсеткішінің белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
ExpressCard карталарын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
ExpressCard – өнімділігі жоғары дербес компьютер картасы, ол ExpressCard ұясына салынады.
Стандартты дербес компьютер карталарына ұқсас, ExpressCard карталары PCMCIA стандарт
талаптарына сəйкес жасалады.
ExpressCard параметрлерін реттеу
Картаға қажет бағдарламалық құралды ғана орнатыңыз. Егер ExpressCard картасы
өндірушісінің нұсқаулары бойынша құрылғы драйверлерін орнату қажет болса:
●
Амалдық жүйеге қажет құрылғы драйверлерін ғана орнатыңыз.
●
Карталар үшін қызмет көрсету, ағытпалар үшін қызмет көрсету сияқты қосымша
бағдарламалық құралдарды немесе ExpressCard өндірушісі арқылы жеткізілетін қосуға
арналған құралдарды орнатпаңыз.
ExpressCard карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)37