HP Laptop Help Guide
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз.
▲
Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютеріңіз көрінісінің арасында біраз айырмашылық
болуы мүмкін.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін ақпаратты сақтап, құрылғыға байланысты
бағдарламалардың барлығын жабыңыз.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы
бағдарламалық құралды жою белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
IEEE 1394 – жылдамдығы өте жоғары мультимедия немесе деректерді сақтау құрылғысын
компьютерге жалғайтын аппараттық құрал интерфейсі. Сканер, сандық камера жəне сандық
бейнекамераны 1394 порты арқылы жалғау қажет.
1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)41