HP Laptop Help Guide
1394 құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін құрылғыны күшпен
жалғамаңыз.
▲
1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының 1394 кабелін 1394 портына
қосыңыз.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
1394 құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, 1394 құрылғысын
ажыратпас бұрын оны тоқтатыңыз.
ЕСКЕРТУ: 1394 қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін, 1394 құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
1. 1394 құрылғысын шығарып алу үшін ақпаратты сақтап, құрылғыға байланысты
бағдарламалардың барлығын жабыңыз.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы
бағдарламалық құралды жою белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
eSATA порты eSATA сыртқы қатты дискісі сияқты өнімділігі жоғары eSATA косымша құрамдас
бөлігін жалғайды.
Кейбір eSATA құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: eSATA порты қосымша USB құрылғысын да қолданады.
eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)43