HP Laptop Help Guide

4. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
5. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иə) пəрменін таңдаңыз.
6. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін жою
Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock құпия
сөзі) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін
enter пернесін басыңыз.
4. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Disable protection (Қорғауды жою)
пəрменін таңдаңыз.
6. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды
орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Computer Setup құралының автоматты DriveLock құпия сөзін пайдалану 63