HP Laptop User's Guide - Linux
аАқаулықтарды жою жəне қолдау
көрсету
Ақаулықтарды жою
Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды.
Компьютер қосылмайды
Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің
неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін:
●
Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін
басқа электр құрылғысын қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы
ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
●
Егер компьютер айнымалы ток розеткасынан басқа сыртқы қуат көзіне жалғанса,
айнымалы ток адаптерін пайдаланып, компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
Қуат сымы мен айнымалы ток адаптерінің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
Компьютердің экраны бос
Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше
себеп болуы мүмкін:
● Компьютер тоқтата тұру немесе күту режимінде болуы мүмкін. Күту режимі немесе ұйқы
күйінен шығу үшін қуат түймешігін басып, дереу қайта жіберіңіз. Күту режимі мен ұйқы күйі
дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Күту режимі
мен ұйқы
күйі компьютер қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер
батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Бұл жəне басқа
да қуат параметрлерін өзгерту үшін, тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Батарея белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
●
Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп
теңшелмеген болуы мүмкін.
Кескінді компьютердің экранына жіберу үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. Модельдердің
басым бөлігінде монитор сияқты қосымша сыртқы дисплей компьютерге қосылған кезде
кескін компьютер экранына, сыртқы дисплейге немесе құрылғылардың екеуіне бір мезгілде
берілуі мүмкін. fn+f4 пернесі қайталап басылғанда, бейне компьютер дисплейі, бір немесе
бірнеше сыртқы дисплейлер арасында ауысып, барлық құрылғыларда
бірден көрсетіледі.
Ақаулықтарды жою 95