HP Laptop User's Guide - Linux
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен
ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз.
4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды
Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің
бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін.
1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз.
2. Компьютер, одан кейін Системный монитор (Желі мониторы) пəрмендерін таңдаңыз.
3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құралдар) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан
сыртқы жад контроллерін анықтаңыз.
4. Оптикалық дискіңіз табылғанша құрылғылардың қасындағы бұрышты нұқыңыз. Егер
диск
тізімде көрсетілсе, ол дұрыс жұмыс жасауы тиіс.
Диск ойнатылмайды
●
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында жұмысыңызды сақтап, барлық
ашық болған бағдарламаларды жабыңыз.
●
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында Интернеттен шығыңыз.
●
Дискіні дұрыс салғандығыңызға көз жеткізіңіз.
●
Дискінің таза екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, дискіні сүлгіленген сумен жəне түксіз
матамен тазалаңыз. Дискіні ортасынан сыртқы жиекке қарай сүртіңіз.
98 Қосымша а Ақаулықтарды
жою жəне қолдау көрсету