HP Laptop User's Guide - Linux

Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
Сервистік жапсырмамыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды:
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмір
(3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
(5) Үлгі сипаттары (тек таңдаулы үлгілерде)
Қолдау қызметіне хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Компьютер
үлгісіне байланысты сервистік жапсырма компьютердің түбіне жабыстырылады немесе
батарея орнының ұясында не қызмет көрсетуге арналған қақпақтың астында орналасады.
Техникалық деректер жапсырмасыкомпьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
Техникалық деректер жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
Сымсыз куəландыру белгісі немесе белгілер (тек таңдаулы үлгілерде
) — қосымша сымсыз
құрылғылар туралы жəне құрылғылар қолдану үшін бекітілген кейбір мемлекеттер мен
аймақтардың мақұлдау таңбаларын береді. Компьютерде бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғылар болса, бір немесе бірнеше куəландыру белгісі компьютермен бірге беріледі.
Бұл ақпарат шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Сымсыз куəлік беру
жөніндегі жапсырмалар батарея орнында орналасқан.
Жапсырмалар 101