HP Laptop User's Guide - Linux

Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Компьютерді өшірмес бұрын оның құрғақ болғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған
тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір
рет пайдаланылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша
жылжытыңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына
түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған
тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе
бір рет пайдаланылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысуын болдырмау жəне пернелердің астында орналасқан шаңды,
түктерді жəне қалдықтарды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне
зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда
пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Тазалау іс реті 103