HP Laptop User's Guide - Linux
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұл — үш шифрлау
протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай
шешуге болады.
●
WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне
шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2
протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр
компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды. Бұны орындау үшін
◦
WPA протоколы AES (Advanced Encryption Standard) стандартын жəне TKIP (Temporal
Key Integrity Protocol) протоколын пайдаланады.
◦
WPA2 протоколы жаңа AES протоколы болатын CCMP (Cipher Block Chaining Message
Authentication Code Protocol)
протоколын пайдаланады.
● WEP протоколы тасымалдамас бұрын деректерді WEP кілтімен шифрлайды. Дұрыс кілтсіз
басқа адамдар WLAN желісін қолдана алмайды.
Басқа желіге роуминг
Егер компьютерді басқа WLAN желісінің ауқымына жылжытсаңыз, амалдық жүйе сол желіге
қосылуға əрекет жасайды. Əрекет сəтті болса, компьютер автоматты түрде жаңа желіге
қосылады. Егер амалдық жүйе жаңа желіні танымаса, WLAN желісіне қосылу үшін бастапқы
жасаған рəсімді орындаңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз
етеді.
●
Компьютерлер
●
Телефондар
●
Аудио құрылғылар
Компьютер мен сымсыз құрылғылар арасында деректер беруді қадамдастыру Bluetooth қуаты
болып табылады. Екі немесе одан да көп компьютердің Bluetooth арқылы Интернетті ортақ
пайдалану үшін үздіксіз қосылу мүмкінсіздігі Bluetooth жəне амалдық жүйенің шектеуі болып
табылады.
Bluetooth құрылғысы Bluetooth
құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне
оларды пайдалану жөнінде ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан
қараңыз.
Сымды желіге қосылу
Модемді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Модем 6 істікшелі RJ-11 модем кабелі (бөлек сатылады) арқылы аналогтық телефон желісіне
қосылуы керек. Кейбір елдер мен аймақтарда арнайы модем кабелінің адаптері де қажет болуы
24 Бап 3 Желі орнату