HP Laptop User's Guide - Linux
мүмкін. Сандық PBX жүйелерінің ұялары аналогтық телефон ұяларына ұқсауы мүмкін, алайда,
олар модеммен үйлеспейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру
қатерінен аулақ болу үшін, модем немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Егер желі кабелінде ТД жəне радио толқындарының бөгеуілдерін болдырмайтын құрал (1) бар
болса, кабельдің (2) бұл құрал орналасқан ұшын компьютерге қарай орналастырыңыз.
Модем кабелін қосу
1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) жалғаңыз.
Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу
Телефон ұялары елге/аймаққа байланысты əр түрлі болады. Модемді немесе модем кабелін
компьютерді сатып алған елден/аймақтан тыс жерде пайдалану үшін сол елдің/аймақтың
арнайы модем кабелінің адаптерін сатып алу керек.
Модемді RJ-11 телефон ұясы жоқ аналогтық телефон желісіне қосу үшін, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз.
2. Кабельдің
екінші ұшын модем кабелінің адаптеріне қосыңыз (2).
Сымды желіге қосылу 25