HP Laptop User's Guide - Linux

Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f3 Күту күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, күту күйін қоспас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер күту режимінде болғанда батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен
жағдайда
, компьютер ұйықтау режиміне өтеді, ал жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстыруы мүмкін.
fn+f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Орнатылған барлық батареялардың заряд мəліметтерін көрсетеді. Дисплей қай батареяның
зарядталғанын көрсетіп тұрады жəне əр батареяда қалған заряд көлемі жайында есеп береді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
Пернетақталарды пайдалану
Бұл компьютерде кірістірілген сандық пернетақта бар. Бұған қоса, компьютер қосымша сыртқы
сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы сандық пернетақтаны
қолдайды.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютердің осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернетақтаны пайдалану 29