HP Laptop User's Guide - Linux
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта
функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады.
●
Сандық пернетақта өшірулі кезде оның пернесінің сандық функциясын пайдалану үшін,
пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Сандық пернетақта қосулы кезде оның пернесінің стандартты функциясын
пайдалану үшін
◦
Кіші əріптермен жазу үшін, fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
◦ Бас əріптермен жазу үшін, fn+shift пернелерін басып ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса,
компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
▲
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану 31