HP Laptop User's Guide - Linux

Шымшу/Масштабтау
Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы мен меңзер параметрлерін жəне басқа құрылғылар
параметрлерін өзгерту үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Мышь
(Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
Меңзегіш таяқшаны пайдалану
Меңзегіш таяқшаны көрсеткіні экранда жылжытқыңыз келген бағытта басыңыз. Тінтуірдегі оң
жəне сол жақ түймешіктерді пайдаланатындай, меңзегіш таяқшаның оң жəне сол жақ
түймешіктерін пайдаланыңыз.
34 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар