HP Laptop User's Guide - Linux
5 Мультимедиа
Бұл компьютердің ішінде келесі құрылғылар бар:
●
Кірістірілген үндеткіштер
●
Кірістірілген микрофондар
● Кірістірілген веб-камера
● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
●
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану
Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді:
●
Музыка ойнату.
●
Дыбысты жазу.
● Интернеттен музыканы жүктеу.
● Мультимедиалық көрмелерді жасау.
●
Шұғыл хабарлама жіберу бағдарламасы арқылы дыбыс жəне кескіндерді беру.
●
Радио бағдарламаларын тарату.
●
Орнатылған оптикалық дискіні пайдаланып (тек таңдаулы үлгілерде) немесе сыртқы
оптикалық дискіні пайдаланып аудио ықшам дискілерін жасау (жазу).
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін келесілер арқылы реттеуге болады:
● Дыбыс деңгейі түймешіктері
● Дыбыс деңгейі жылдам пернелері
●
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану 35