HP Laptop User's Guide - Linux
Бейне құрылғыларын пайдалану
Компьютеріңізде мына сыртқы бейне порттары бар:
●
VGA
●
DisplayPort
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол
сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге
қосады.
▲
VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз.
Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4
пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелерін басу арқылы параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік
беріледі. Ноутбук панелі, ноутбук панелімен бірге қолданылатын сыртқы құрылғы немесе
сыртқы мониторлардың біреуі арасында ауысуға болады. Дисплей портына жəне VGA
порттарына сыртқы мониторларды да жалғауға болады. Бірақ олардың біреуі ғана бір
уақытта белсенді болуы мүмкін.
Егер сыртқы монитор fn+f4 пернелері басылғаннан кейін анықталмаған болса, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Егер AMD графикалық картасы орнатылған болса, келесі бөлімдегі нұсқауларды
орындаңыз.
1. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан Gnome
Display Applet (Gnome бейнелеу бағдарламасы) белгішесін басыңыз.
2. Configure Display Settings (Дисплей параметрлерін реттеу) пəрменін таңдаңыз.
3. Detect Monitors (Мониторларды тану) құсбелгісін қойыңыз.
Бейне құрылғыларын пайдалану 37