HP Laptop User's Guide - Linux
ЕСКЕРІМ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Дисплей
жарықтығын жоғарылату немесе төмендету туралы ақпаратты
Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар 28-бетте бөлімінен қараңыз.
Жұмыс істеу жолына байланысты батареяны компьютерде немесе қоймада сақтауға болады.
Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау
батареяны зарядтайды жəне де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты қорғайды. Дегенмен,
компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап
таусылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін батареяны, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш батареяны
немесе HP компаниясынан сатып алынған батареяны ғана пайдаланыңыз.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲
Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан Питание (Қуат) белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батареяны салу жəне шығарып алу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны (1) батареяның орнына отырғанша енгізіңіз.
Батареяны босату ысырмасы (2) батареяны орнына автоматты түрде бекітеді.
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді амалдық жүйе
арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
Батарея қуатын пайдалану 43