HP Laptop User's Guide - Linux

Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына
салу
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас
бұрын компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Жад модулі, қатты диск, қызметтік жапсырма мен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге
арналған есікті алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін
1. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте
бөлімін қараңыз).
2. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасын (1)
сол жаққа сырғытыңыз, (егер қосымша бұранда пайдаланылып тұрса) бұранданы (2)
шығарып алып, қызмет көрсетуге арналған есікті шешу үшін, босату ысырмасын (3) қайта
сырғытыңыз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына (4) қарай сырғытып, оны
(5) алыңыз.
50 Бап 7 Дискілер