HP Laptop User's Guide - Linux

Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы, күту режимінде немесе ұйқы күйінде болғанда қатты дискіні шығармаңыз.
Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат түймешігін басып
компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
EliteBook ноутбугінен қатты дискіні шығару үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Смарт-карта оқу құрылғысы қатты дискінің үстінен орналасады. Осыған
байланысты, қатты дискіге кірмес бұрын, смарт-карта оқу құрылғысын шығарып алу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте бөлімін
қараңыз).
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 50-бетте
тарауын қараңыз).
5. Смарт-карта оқу құрылғысын компьютерден ажырату үшін, пластмасса ысырмасын/
дөңгелек ілгекті (1) компьютердің ортасына қарай тартыңыз.
6. Смарт-карта оқу құрылғысы (2) бұрышта орналасқанша оны компьютердің ортасына қарай
бұрыңыз.
7. Қатты дискінің 3 бұрандасын бұрап босатыңыз (1).
8. Қатты дискіні қосқыштан ажырату үшін, қатты дискідегі (2) пластмасса кесіндісін
компьютерге қарай тартыңыз.
52 Бап 7 Дискілер